-9.1 C
Алматы
Суббота, 21 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Коронавирус

    Жұмыссыз отырған халық керекті заттарын алу үшін қаражат таппай ұрлыққа барады — Марғұлан Сейсембай

    Қазақстандық танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембай еліміздегі карантин мен төтенше жағдай билік жасаған оң шешім екенін айтты. Алайда жұмыссыз отырған халық тұрмысқа керекті заттар алу үшін қаражат таппай көшеге шығып, ұрлыққа бару мүмкін деп дабыл қақты. Бұл туралы ол Youtube-каналында «Марғұлан не дейді» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

    «Төтенше жағдай бұрынғы өміріміздің қаншалықты бейқам әрі жайбарақат екенін көрсетті», — деген Марғұлан Сейсембай еліміздегі мұндай оқиға өмірімізді күрт өзгертіп, өзімізге үйреншікті әдеттерімізден айырылдық дейді.

    «Төтенше жағдайдың және карантиннің ең бірінші, түпкі себебі — денсаулық сақтау саласының пәрменсіздігі. Егер коронавирус індеті тез таралып, көп адамға жұқса, онда біздің медицинамыз барлық ауырып қалған адамдарды емдей алмайды. Емханаларымыз тез толып, дәрігерлер мен өкпеге оттегі беру құралдарының тапшылығына келіп тірелеміз. Міне, сонда сұмдықтардың барлығы басталады. Дәрігерлер емделіп шығуға мүмкіндігі аз адамдарды емдемей қояды және олар қай адамның өліп, қай адамның емделетінін өздері шешеді. Кәрі адамдар ешбір ем ала алмай емхана дәліздерінде өліп жатады. Бұл адам басына сыймайтын сұмдық болып естілсе де, дәл қазіргі Италияда болып жатқан жағдай», — деп, алдағы уақытта болуы мүмкін сұмдықты болжады. Кәсіпкер дәл осындай індет жайлаған кезде біздің биліктің амал-әрекеті дұрыс па деген сауал төңірегінде пікір білдірді.

    «Менің ойымша, біздің биліктің төтенше жағдай мен карантин енгізуі өте дұрыс шаралар. Халықты барынша оқшаулау — өте орынды шара. Мұндай төтенше жағдайларда билік халық денсаулығын ең бірінші орынға қою керек», — деген ол бұл бергі, жақын арадағы мәселелердің шешімі ғана екенін айтады.

    «Кейінірек туатын мәселелерді алатын болсақ, көптеген қиындықтар туындайды. Біріншіден, біздің экономикамызда төтенше жағдай мен карантин себептерінен болатын күйзеліс пен дағдарыс. Оның өзі екі мәселеден туады. Біріншіден, карантин бір ай бола ма, екі ай болады ма —  ешкім білмейді. Қанша уақыт болғаныменен, екі қалада қамалып отырған миллиондаған халық, оның ішінде, табыссыз отырған ер адамдар не істейді? Қажеті заттарды алу үшін қаражатты қайдан алады? Егер үкімет осы сұрақтарға нақты жауап бере алмаса, онда халық изоляция мен төтенше жағдайға қарамай көшеге шығып, ұрлық пен тонауға көшеді. Ал полиция мен қарулы күштер мұндай жағдайды тоқтата алмайды. Сондықтан үкімет еріксіз төтенше жағдайдың құрбаны болып қалған халықтың қаражатын қамтамасыз ету керек», — деп өз ойын ашық айтқан Марғұан Сейсембай басқа шет елдерде үкімет өзінің табыссыз қалып қалған халқына көмек көрсетіп жатқанын мысалға келтірді. Сонымен қатар ол халықты жұмыссыз, табыссыз көп ұстап отыруға болмайтынын ескертті.

    қатысты посттар

    Халық шырылдап аштан қырылғанда жауаптылар карантин деп демалыста жатыр? Тоқаевтың тапсырмасы неге бюрократияга айналды?

    Фариза

    «Қолыңнан келмесе, кіріспе!» Тоқаев Алматы әкімінің орынбасарына қатаң сөгіс жариялады

    Фариза

    Елімізде 20 Адам Коронавирустан Жазылып Шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.