33.4 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Ыстамбұлдан коронавирус жұқтырып келген науқастың жағдайы белгілі болды

    Алматыда коронавирус инфекциясымен ауруханаға түскен 29 адамның екеуінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр, — деп хабарлайды  Qazweek.kz ақпарат агенттігі Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

    Бүгін коронавирус жұқтырған екі адамның жағдайы белгілі болды. Олардың біріншісі — 1985 жылғы ер адам, ол 19 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген. Екінші науқас басқа науқастан жұқтырған, ол Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық екені айтылады.

    «Қазіргі уақытта қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасында 29 науқас жатыр. Олардың екеуінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр, қалғандарының жағдайы — қанағаттанарлық», — делінген хабарламада.

    Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 67 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында — 2, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, жалпы 67 науқас тіркелді.

    қатысты посттар

    Еуропада коронавирустың «дельтакрон» деп аталатын жаңа түрі анықталды

    Фариза

    Америкалық «Novavax» вакцинасының 100 млн дозасын сатып алу жоспарланды

    Фариза

    Шымкентте коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.