21 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Коронавирус

    Тоқаев: Әлемнің тағдырын футболшылар, шоу-бизнес өкілдері емес, ғалымдар шешеді

    Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық медицинаны, соның ішінде, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті және медицина ғылымын дамытуға баса мән беру керек екенін айтты деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    “Қазір бүкіл әлемнің және бүкіл әлемдік экономиканың тағдыры ғалымдардың қолында. Бұл артық айтқандық емес. Әлемнің тағдырын футболшылар, шоу-бизнес өкілдері емес, ғалымдар шешеді. Біз осы жағдайдан сабақ алуға тиіспіз”, – деді мемлекет басшысы.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев барлық медицина қызметкерлеріне коронавирус пандемиясына қарсы күреске қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

    Одан бөлек, мемлекет басшысы медициналық бетперде мәселесіне де тоқталды.

    Тоқаев халықты бетперделермен жедел қамтамасыз етуді талап етіп, еліміздің барлық азаматтарын үнемі антисептиктерді пайдалануға және бетперде тағуға шақырды.

    Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 53 адамға жетті.

    Алматы қаласында – 22, Нұр-Сұлтан қаласында – 28, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1.

     

    қатысты посттар

    Қазақстанда жер беруге 5 жылдық тыйым енгізіледі

    Фариза

    Аблязов Айсұлтан Назарбаевтың атынан пост жазғанын мойындады

    Фариза

    Ердоғанға Ресей мен Қытай жері қосылған “Түркі әлемі” картасы табысталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.