-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Өз үйінің ауласында той жасаған түркістандық енді заң алдында жауап береді

    Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде той жасаған тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды. Өз үйінің ауласында адамдардың басын қосып, той жасаған азамат енді заң алдын алдында жауап беретін болады деп хабарлайды, Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, той жасаған тұрғын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде төтенше жағдай енгізу туралы қаулысын ескермеген.

    Оның той жасағаны туралы бейнежазба әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған.

    Аталған жайт бойынша Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларын атқарып, тойдың Түркістан қаласындағы мөлтек аудандардың бірінде өткенін анықтаған.

    «Қалалық полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзып жиын өткізгені үшін той иесі, жергілікті тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы «Төтенше жағдай режимiн бұзу» бойынша хаттама толтырды. Аталған жайтқа байланысты жинақталған іс-құжат Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды», — делінген хабарламада.

    Облыс полицейлері тұрғындарға заңға бағыну керектігін ескертеді.

    Еске сала кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

    Оған сәйкес елімізде ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынған.

    қатысты посттар

    Коронавирусты анықтайтын тестті тегін тапсыруға болады. Ол үшін не қажет?

    Фариза

    Ақтөбе қаласы карантинге жабыла ма?

    Фариза

    Қарағандыда 2 адам коронавирус жұқтырған: Індетке шалдыққандар саны 49-ға жетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.