-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларын коронавирустың таралуына байланысты жауып тастады

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен ахуал туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов, Нұр-Сұлтан қ. әкімі А. Көлгінов және Алматы қ. әкімі Б. Сағынтаев, қорғаныс министрі Н. Ермекбаев және ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары М. Мырзалин баяндады.

    Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

    Биылғы 19 наурызда сағат 00:00-де енгізілетін шаралар мыналарды қамтиды:

    — карантинді енгізу және ауқымды санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру;

    — карантин аймағының периметрін белгілеу және оған кіру/одан шығу пункттерін анықтау;

    — адамдардың қозғалысын, сондай-ақ көлік құралдарының кіріп/шығуын шектеу;

    — үш санат: ауруды жұқтырғандар, инфекцияға күдіктілер, карантиндегілер санаты бойынша арнайы емдеу мекемелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

    — халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуіне оңтайлы болуы үшін, азаматтардың қозғалысын шектеу үшін қалалар аумағының секторларын және олардың шекараларын анықтау;

    — қоғамдық көлік қозғалысын күндізгі уақытта тоқтата тұру немесе шектеу және түнгі уақытта тоқтату;

    — азық-түліктік емес сауда базарларының жұмысын, азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын нысандарды қоспағанда, ірі сауда-ойын сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысын уақытша тоқтата тұру;

    — санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды күшейте отырып, «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша қоғамдық тамақтану нысандарының жаңа жұмыс режимін белгілеу;

    — ХҚКО-ның жұмыс режимін қайта ұйымдастыру;

    — карантиндік аймақтардағы халықтың және әрбір сектордың азық-түлік өнімдеріне, дәрі-дәрмектерге, тіршілікті қамтамасыз ету заттары мен алғашқы қажеттілік тауарларына тәулік сайынғы қажеттілігін анықтау;

    — карантиндік аймақтың әрбір секторы үшін қоғамдық көлік қозғалысын барынша шектеуді ескере отырып, сауда және азық-түлікпен әрі алғашқы қажеттілік тауарларымен қамтамасыз ету орталықтарын анықтау;

    — ұйымдастырушылық сипаттағы басқа да шаралар.

    қатысты посттар

    «Қазақ ешқашан сексенге келген ақсақалына «Шал, кет!» деп айқайлаған емес!» — Балғынбек Имаш

    Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды

    Фариза

    «Бізді отқа тастап жіберіңіз». Саясат Нұрбек Тоқаевтың алдында ашына сөйледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.