-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы» Тоқаевтың төтенше жағдайға байланысты жарлығы толық күшіне ене алмады

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Мемлекет басшысы азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы наурыздың 16-ы, сағат 08:00-ден 2020 жылғы 15 сәуір күнгі сағат 07:00-ге дейін төтенше жағдай енгізген болатын.

    Жарлыққа сәйкес, төтенше жағдай кезінде  ірі сауда нысандарының жұмыс істеуіне, сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтата тұруға, сондай-ақ, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, салт-дәстүр шараларын өткізуге тыйым салған болатын.

    Сонымен қатар, ҚР сауда және интеграция министрлігі Республикамыздағы енгізілген төтенше жағдайға байланысты азық-түлік сататын базарлар мен маркеттердің жұмысын жалғастыратынын, сондай-ақ, адамдар көп жиналатын орын болғандықтан үлкен сауда ойын-сауық кешендерін жабу туралы шешім қабылдаған.

    Дегенмен, арада көп уақыт өтпей жатып Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы сауда орталықтары бұрынғыша жұмыстарын жалғастыра беретінін хабарлады.

    Ірі сауда ойын-сауық орталықтарына байланысты шыққан талапқа байланысты Алматы қаласының әкімдігі сауда орталықтарының жұмысы туралы қайта қарап шығып, сауда орталықтарына жұмыс істей беруге рұқсат берген.

    Aлматы қаласындағы Esentai Mall мен  Mega сауда орталықтары күндегі әдетінше 10.00 мен 22.00 аралығында жұмыстарын жасай беретіндерін хабарлады. Тек кинотеатрлар мен балаларға арналған ойын орталықтарының ғана уақытша тоқтағаны туралы айтты.

    Нұр-Сұлтан қаласындағы «Кереуен» сауда орталығы да кинотеатрлар мен балаларға арналған ойын орталықтарынан басқа барлық орындарының жұмыстарын жалғыстыра беретіндіктерін хабарлады.

    Бүгінгі үндеуінде де Тоқаев шектеулердің ірі сауда орталықтарына да қатысы бар екендігін айтып өтті.

    Қарап отырсақ, Тоқаевтың бұл «кезекті» орындалмайтын, әкімдер елемейтін заңдарының бірі секілді. Бұған дейін “Біздің елдің заңы басшыларға жүрмейді” Тоқаевтың реформасы әкімдердің алдында қауқарсыз ба?» деген мақала жазған едік. Президенттің жемқорлықпен ұсталғандардың басшылары отставкаға кетеді деген заңнан кейін қанша парақорды ұстаса да жауапқа тартылған ешбір басшыны көрген жоқпыз. Енді, бүгін, тағы да Тоқаевтың жүзеге аспайтын заңдарының кезекті біреуі шықты. Ірі сауда орталықтары да жабылуы тиіс деген талап қойса да, Алматы әкімдігі мен ірі сауда орталықтарының иелері Тоқаевтың бұл тапсырмасына пысқырып та қараған жоқ.

    Президенттің коронавирустың елімізде таралуына байланысты алаңдаушылық танытып, төтенше жағдай жариялағаны құптарлық-ақ іс. Дегенмен,Тоқаевтың заңы неге өз олжасын ойлағандардың пайдасына бұрмалап алатын жай сөзге айналып кетті?

    Әрине, заң бар, сонымен қатар,  өз пайдасы үшін заңды белшесінен басатын да адамдар бар. Жабылған сауда орталығы — ол біреудің жабылған бизнесі. Әрине, ешкім өзінің тауып отырған нанынан бір сәтте айырылып қалғысы келмейді. Дегенмен, қарапайым халықтың да өмірі ойыншық емес. Әр адамның өмірі өз қолында. «Сақтансаң, сақтаймын», — деген. Ата-ана мен, бала-шаға бәрі адамның өз әрекетіне байланысты. Бір сіздің жұқтырған ауруыңыздан сіздің бүкіл  жақындарыңыз зардап шегуі мүмкін. Сондықтан, барынша сақ болайық!

     

    қатысты посттар

    Еуразиялық Одақ шарттарын орындамаған Ресейге Қазақстан жауап берді

    Президенттің туыстары қандай қызметтерді атқара алмайды? Министр жауап берді

    Фариза

    Министр: Қытайдағы «қайта оқыту» орталықтарында қазақтар жоқ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.