5 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Біздің елдің басшылары сауда орталықтарымен алысып жатқанда, басқа елдер мешіттерін жауып жатыр

    Малайзияда коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт өсуіне байланысты Малайзия билігі мешіттерді 10 тәулікке жабу туралы шешім қабылдады.

    Малайзияның Исламдық даму департаменті (Джаким) федералды агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің кеңесіне сүйене отырып, барлық мешіттерді 10 күнге жабуды ұсынады, деп хабарлады мүфти Перлис Мохд  Асри Зайнул Абидин дүйсенбіде (16 наурыз) өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

    Ол мешіттерге байланысты барлық іс-шараларды тоқтатуға, сондай-ақ жұма намазды да тоқтату туралы кеңес берілгенін жеткізді.

    Датук Мохд Асри бұл шешім жексенбі күні кешке арнайы кездесуден кейін қабылданғанын, бірақ бұл мәселе бойынша қосымша тағы да ресми хабарландырулар болатындығын айтты.

    Штаттағы мешіттер дезинфекциялау үшін 17 наурыздан 26 наурызға дейін жабылады.

    Жексенбі күні Малайзияда коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт асып, бір күнде 190 адам аталған кеселді жұқтырып үлгерген.

     

     

    қатысты посттар

    “Шыңжаңдағы лагерьлерде қазақтар қамауда отыр” деген ақпарат жалған – Қытай елшісі

    Мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталған Константин Сыроежкин 10 жылға сотталды

    Фариза

    Қытаймен арада жоспарланған 55 жобаның бүгінге дейін 15-і іске қосылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.