-9.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «25 адам митингке шықса, 250 полиция бірге жүреді» — Мәжіліс депутаты

    Митинг кезіндегі ішкі істер қызметкерлерінің этикасына қатысты норма керек. Мұндай ұсынысты митингті талқылау кезінде Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Бейбіт шеруге, бейбіт митингке қатысатындардың статусын жіліктеп жазыпсыңдар. Оның арасында журналистердің де қызметі де көрсетілген. Енді осы ретте шындыққа қарайықшы, бұған дейін митингтерді қарасақ, 25 адам митингке шықса, 250 ішкі істер органының адамы бірге жүреді. Жаңа алаң қоршалған, соғыс болған сиякты. Ол жерден өту қорқынышты. Адамдар митингке қатысушылардан емес, қоршап әскерден тұрғандардан қорқады. Баламыз мектебіне айналып басқа жолмен барады, — деді Берік Дүйсембинов.

    Оның айтуынша, митингте жүретін ішкі істер қызметкерлерінің арнайы этикасын заңға енгізу керек.

    Енді митингке қатысатын негізі ішкі істер органы. Еліміздің тыныштығы керек, оған сөзсіз келісемін. Олардың да жазығы жоқ. Бірақ меніңше, арнайы жасақ дейміз бе митингте жүретін ішкі істер қызметкерлерінің арнайы этикасын заңға енгізу керек. Әйтпесе, өзіміз балаларды жауыз қылып бітірдік. Қазіргі күні ешқандай министрдің баласы милиция болып көшеде адам сүйреп жүрген жок. Олардың бәрі қарапайым отбасының балалары. Қазір бейнекамералар бар, сол арқылы қарап отыру керек пе, сондай бір әрекет жасау қажет. Топырлатып жасақ жіберіп адамдарды сүйретуді тоқтату керек, — деді депутат.

    қатысты посттар

    Желіде 42 500 теңге төлемі төленіп жатқаны туралы хабарламалар тарауда

    Фариза

    Карантинге қарамастан жүздеген адам Бурабай жағалауына жиналған

    Фариза

    Халық қырылып жатса да, «СҚ Фармация» гуманитарлық көмекті 50 күн бойы ұстап отырған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.