-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 19 января 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Тоқаев Ақжарқын Тұрлыбай мәселесін тағы да көтерді

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге сапармен келген Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси Бюросының мүшесі Ян Цзечимен әңгімелесу барысында Ақжарқын Тұрлыбай мәселесін тағы көтерді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz  порталына сілтеме жасап.

    Бұл туралы Берік Уәли жазды.

    Қытайда сотталған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайды елімізге қайтару мәселесі бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында тағы да талқыланып жатыр.

    Қасым-Жомарт Тоқаев жақында елімізге сапармен келген Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси Бюросының мүшесі Ян Цзечимен әңгімелесу барысында Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына қатысты мәселені тағы да көтергенін айта кеткен жөн.

    Қазақстан Президенті былтырғы қыркүйек айында Бейжіңге жасаған сапарында ҚХР басшылығын Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне гуманизммен қарап, оны Қазақстанға қайтару мәселесіне ықпал етуге шақырды.

    Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыртқы істер министрлігі мен құқық қорғау органдарына қытайлық әріптестерімен өзара іс-қимылдарды жалғастыруды тапсырды. Бұл іс Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында.

    қатысты посттар

    Біздің мақсатымыз — Назарбаевтың авторитарлық жүйесін жоққа шығару — Жанболат Мамай

    Фариза

    Дулат Ағаділдің Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қаза болуына байланысты жиналған белсенділерді полиция күшпен әкетті

    Фариза

    Мәулен Әшімбаев жаңа қызметке тағайындалды

    Пікір қалдыру

    8 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.