-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматы облысында жоғалған 7 жастағы қыз бала жертөледен табылды

    Алматы облысы Талғар ауданында іс-түзсіз жоғалып кеткен қыз бала жертөледен табылды деп хабарлайды Qazweek.kz порталы inAlmaty.kz-ке сілмете жасап.

    Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 наурыз сағат 20:34-те Талдыбұлақ ауылының тұрғынынан 2012 жылғы қыз баланың жоғалып кеткені жайлы хабарлама келіп түскен.

    Осыдан кейін тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына кіріскен.

    «Үйді-үйді аралау кезінде аталмыш ауылдағы шаруашылық қора-жайлардың бірінің жертөлесінен жоғалған бала табылды. Оқиға орнынан күдікке ілінген 1990 жылғы Н. есімді азамат ұсталды. Аталған іс Қылмыстық кодекстің 120 бабының 4 тармағы («Кәмелетке толмаған адамға қатысты зорлау» ) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп атап өтті Полиция департаментінен.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында бес ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыздың аман-есен табылғанынхабарлаған едік.

    Полицейлер жасөспірімді Шымкенттен тауып, ата-анасына тапсырған. Бүгінде оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

    қатысты посттар

    Бас прокуратура: Қытай Сайрагүл Сауытбайды қайтаруды сұрап отырған жоқ

    Мектеп дәретханасында оқушыға вакцина салған кім?

    Фариза

    Сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялап жатыр (видеотрансляция)

    Пікір қалдыру

    2 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.