-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қыздарды маркерке теңеген Жәлел өзінің дауға ұласқан дәрісіне түсініктеме берді

    Белгілі абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел Тараз мектебінде шу тудырған дәрісіне қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Qazweek.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

    «Егер маркер жазбаса, өзінің жаратылыс мақсатына жауап бермесе, біз оны «аты бар екен де, заты жоқ екен ғой» деп, лақтырып жібереміз. Сол сияқты кез келген жаратылыс иесі өз атына, затына сай болуы тиіс.

    Яғни, Алла Тағала сені ұл етіп жаратты ма, онда сен мал табуың керек, қыз болсаң, тұрмысқа шығып, ана атануың керек. Міне, мен осындай мысал келтірген едім.

    Мұны енді олар бұрмалап, «қыз баланы маркер сияқты жазып-жазып, лақтырып тастау керек екен» деп басқаша беріп жатыр. Бұл менің сөзімді бұрмалау», — деді Жәлел Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

    Абайтанушы қыз баласының білім алғанын қолдайды екен. Алайда оған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айтқан «зәру білім» беру керек деп санайды.

    «Зәру білім бес бөліктен тұрады. Ақылды, жаныңды, иманды, малды және баланы сақтау туралы білім. Яғни күйеуінің тапқан бір малын екі ету және бала тәрбиесі.

    Қыз бала осы бес салада білім алуы керек. Қыз бала зәру білім алса, періштелік сипатқа өтеді және күйеуін де жақсы күтеді дейді», — деп түсіндірді ол.

    Жәлелдің айтуынша, қазіргі кезде отбасыларда беріліп жатқан тәрбие мүлде басқа арнада дамып жатыр.

    «Қыз мұраты – кету» дегенді біз ұмыттық. Соның салдарынан қазір біздің қыздарымыз «менің мұратым – оқу» деп ұғады. Сол себепті қазір қазақтың қыздары оқу қуып, тұрмысқа шықпай жатыр.

    Соның кесірі біздің демографияға кері әсер етіп, халықтың саны өспей жатыр. Мен «ұлдың мұраты – елге қызмет ету, ал қыздың мұраты – ерге қызмет ету» деп айттым. Осы қарапайым қағиданы қабылдай алмай отыр», — дейді Жәлел.

    Оның сөзінше, өзінің айтқандарын қазақша оқыған қыздар жүз пайыз қолдап отыр, өйткені олар үйінде қазақша тәрбие алған. Мұны қабылдамай жатқандар – орысша оқыған қыздар.

    «Бұл жерде мәселе менде емес, мәселе – ұлттық дүниетаным мен кеңестік дүниетанымның, батыстық дүниетанымның шайқасы. Бұл менің позициям емес, қазақтың позициясы.

    Мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, Абайдың, Сырым Датұлының сөзін айтып отырмын. Бұл жерде менің бір сөзім жоқ. «Қыз мұраты – кету» деген Сырым Датұлын сотқа беріңіздер енді!?», — деп ашуланды абайтанушы.

    Естеріңізге сала кестек, бұған дейін Омар Жәлелдің Тараздағы зияткерлік мектепте оқыған дәрісі оқушылардың ашуына тигенін хабарлаған едік.

    қатысты посттар

    42 500 теңге әлеуметтік төлем алғандар жауапқа тартыла ма? Министр түсіндірмесі

    Фариза

    «Егер тағдырдың тәлкегіне шыдамасам, кешір мені» Блокбекетте қайтыс болған полицейдің жары жүрек тебірентер жазба жариялады

    Фариза

    «Көшені кәдімгі сумен дезинфекциялап жатыр» — министрлік видеоға түсініктеме берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.