-9.1 C
Алматы
Пятница, 27 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Медиа

    «Қасқа тісіңді қағып алып, бір жеріңе шегелеп береміз!» — желтоқсан қатысушысы Жанболат Мамайды әшкереледі (видео)

    Өзін 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушысымын деп таныстырған Ләззат Рақымжанқызы әлеуметтік желіде Жанболат Мамайға қарата мәлімдеме жасады, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Ләззәт Рақымжанқызының айтуынша, Жанболат Мамай оның Желтоқсан оқиғасының қатысушысы екендігін жоққа шығаруға тырысқан. Ол Сайлау Леспек есімді азамат арқылы Ләззат Рақымжанқызының атына күйе жағып, түрлі сөздер айтқан екен. Жанболат Мамайдың бұл ісіне ашуланған қоғам белсендісі өзінің Facebook парақшасында видеоүндеу жариялап, қатаң ескертулер жасады.

    «Бір апта бойы ауырып жаттым, бүгін тұрып, сіздерге тікелей сұхбат беруге мәжүр болып отырмын. Себебі Жанболат Мамай алдыннан бері Сайлау Лепесов деген мыс-желтоқсаншының ауызымен «Ойбай, ол бүлікші, ол желтоқсаншы емес, ол арандатушы» деп шығарып, сайратып қойыпты. Ол торғай өзінің нәпахасын осындай жолмен табады. Сен, Мамай, сондай адаммен мені әшкерелеймін деп, өзіңнің идеяңды құрдымға жібердің!» — дейді Ләззат Рақымжанқызы.

    Ол Мамайға өзін әшкерелеу үшін елімізде беделі, абыройы бар азаматтың ауызымен айтқызса ғана жарасатынын айтып өтті. Ләззат Рақымжанқызы өзінің желтоқсаншы екендігін мемлекеттік архивте жатқан құжаттар арқылы дәлелдейтінін айтты. Сонымен қатар, ол өзі туралы мәлімет тек мемлекеттік архивте ғана емес, КГБ-ның да архивінде жатқандығын да мәлім етті.

    «Мен сенің партияңды ашатын жолыңды әшкереледім. Бүкіл интернетте сенің жасаған жұмыстарыңды зерттеп, сараптап… Әлде сені әшкерелеген затым бір жеріңе қыл болып сыймай тұр ма?

    Біреудің аузымен мені әшкерелеймін дегенің – сенің құрдымға кеткен идеяң. Есіңде болсын, ешқашан да мұндай әрекетке барма. Себебі, ол – жалған жол», — деп ескерту жасады желтоқсаншы.

    Сонымен қатар, Жанболат Мамайды «Қосанов 2» дейтіндерге де байланысты өз пікірін айтып өтті.

    «Сені «Қосанов 2» деп атап жатыр. Бірақ сен «Қосанов 2» емессің. Қосанов алдаса, қазақты алдады. Ал сенде мына партияңды ашып, соның жолымен қазақтың билігіне қытайларды алып келіп, қытайлардың лоббиларын отырғызып, қазақты зар жылатайын деген идея бар. Сен ұлтыңды сондай жолға салып, қазақты ары қарай құртқың келді. Мен сенің бұл істеріңді әшкереледім» — дейді Ләззат Рақымжанқызы.

    Желтоқсаншы белсенді Жанболат Мамайдың бұл істерін «баланың тірлігіне» теңеп, өзін әшкерелеу үшін Мамайдың «қысқа қолдарының» жетпейтінін айтты.

    Желтоқсаншы белсендінің айтуынша, Жанболат Мамай өзі жайында «16 жастағы бала ол кезде қалай алаңға қатысты, ол мүмкін емес» деп айтқан екен. Осыған байланысты Ләззат Рақымжанқызы былай деп жауап берді:

    «Ол кезде алаңға шыққан Ләззат Асанова да, Сәбира Мұхамеджанова да 16 жаста болған. Сонда олар да желтоқсаншы емес пе? Сендердің 16 жастарыңда рух болмағанға мен кінәлі емеспін. Мен – тектінің ұрпағымын! Бала болсам да, балалық жүрегіме ұлтымның, қазағымның рухын менің ата-бабам салған. Егер сенде сондай рух болса, өз қазағыңды қытайдың жолына салып беруге барар ма едің?»

    Ләззат Рақымжанқызы өз сөзінде Гүлюахрам Жүніс атты бір әйелдің де өзінің атына күйе жағып, «Ойбай, масқара, Ләззат желтоқсаншы емес, оны білеміз» деп атағанын тілге тиек етті. Белгілі болғандай, Гүлбахрам Жүніс атты әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалған екен. Оның себебі – өзіне жалған құжат жасатып, өзін желтоқсан қатысушысы ретінде көрсетпек болған екен.

    «Мамай, рухың жетпесе, өңкей шәуілдерді менің артыма салмай-ақ қой! Сен менің рухымды сындыра алмайсың. 16 жасымда КГБ мойныма ине тығып, қаналап, рухымды сындырамын дегенде «Менің рухым мойнымда емес, жүрегімде. Сенің инең менің жүрегіме жете алмайды» деп жауап бергенмін. 16 жасымда КГБ-дан қорықпағанда, бүгін сенен қорқады дейсің бе?!» — деп ашына сөйледі Ләззат Рақымжанқызы.

    Өзінің желтоқсаншы екендігін ешбір құжат жоққа шығара алмайтынын айтты.

    «Мамай, сен – қытайдың лоббиысың! Желтоқсанмен ойнама, қылқа тамағыңды суырып аламыз! Қасқа тісіңді қағып алып, бір жеріңе шегелеп береміз! Қазақты құзға итеремін дегендердің жолына біз кедергі қоямыз» — деп Жанболат Мамайға қатаң ескерту жасады.

    https://www.facebook.com/100013111411209/posts/902256890221350/?d=n

    Назерке Лабихан

    қатысты посттар

    Алматы облысында бір үйдің үш адамын атып тастаған (видео)

    Фариза

    Шымкенттік 400 отбасы азық-түлік себетіне қол жеткізді

    Фариза

    “ Бір жаман «подстава» жасалайын деп жатқан сияқты” Министрлікті тік тұрғызған Толқынайдың басына бұлт үйірілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.