-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    «Ондай тапсырма берген жоқ» — Берік Уәли Президенттің мерекедегі демалысқа қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді

    ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында Тоқаевтың мерекеден кейін келетін демалыс күндері мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа шығуы туралы твитіне түсіндірме берді, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    «Мемлекеттік қызметшілердің демалыс және мейрам күндеріндегі жұмысы жөнінде Президент Қ.Тоқаевтың кешегі жазған жарияланымына байланысты менің атыма көптеген өтініш келіп түсіп жатыр.
    Бірнеше күнге созылатын мереке мен одан кейін келетін демалыстар кезіндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетсіздігі Мемлекет басшысының осы жазбасына себеп болды.
    Бүгінде еліміз көршілес мемлекеттердегі коронавирус індетінің таралу қаупімен, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлармен (қардың қалың болуы, су тасқыны) және басқа да қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын білесіздер. Мұның бәрі барлық мемлекеттік құрылымдардың шұғыл әрі жүйелі жұмыс істеуін талап етеді.
    Сондықтан Президент мемлекеттік қызметшілердің мерекелерден кейін келетін күні (дүйсенбі) жұмысқа шығуын орынды санайды. Бұл жерде Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, министрліктердің, Мемлекет басшысына тікелей бағынышты ведомстволардың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінің қызметкерлері туралы сөз болып отыр.
    Осы ретте, Қазақстанның заңнамалары толық сақталуы тиіс.
    «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 32-бабына сәйкес, демалыс және мереке күндері кезек күттірмейтін, алдына ала жоспарланбаған жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа шақыруға болады.
    Еңбек кодексі бойынша, мемлекеттік қызметшілер өздерінің жазбаша келісімімен ғана жұмысқа шыға алады және олардың еңбегіне ақы төленуі тиіс.
    Еңбек кодексінің 85-бабына сәйкес, демалыс, мереке күндері жұмысқа шыққан қызметкерге өз қалауы бойынша бір күндік демалыс беріледі немесе бір күндік еңбекақысы кемінде 1,5 есе көлемінде төленеді.
    Осылайша Еңбек кодексінің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік қызметшілерді мерекеден кейінгі демалыс күні де жұмысқа шақыруға болады.
    Жалпы заңнама өзгермейді. Мемлекет басшысы ондай тапсырма берген жоқ.
    Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа еңбек этикасын қалыптастыруға, мемлекеттік қызметшілер мен еліміздің барлық азаматтарын еңбекқорлық пен жауапкершілік идеологиясын ілгерілетуге шақырғанын атап өткім келеді.
    Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын Президент Жамбыл облысында азаматтарымызды еңбекқорлықтың, табандылықтың, парасаттылықтың үлгісін көрсетуге шақырған болатын. Қасым-Жомарт Кемелұлының осы сөздері, ең бірінші кезекте, мемлекеттік қызметшілерге бағытталғанына сенімдімін!» — деп жазады Берік Уәли.

    қатысты посттар

    «АҚШ-ты қазақтың мұнайы ғана қызықтырады» Қытай-қазақ қатынастарын бұзу үшін Помпео коронавирусты желеу етті

    Фариза

    Депутат қаржы пирамидаларын жарнамалайтын танымал адамдарды жауапқа тартуды ұсынды

    Фариза

    «Банктер біздің азаматтарымызды қаржылық құлдыққа итермелейді» — Владимир Божко

    Пікір қалдыру

    17 + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.