23 C
Алматы
Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық Қоғам

    Қазақстанда 1 сәуірден бастап тегін медициналық көмек тоқтатылмақ

    1 қаңтардан бастап Қазақстан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшті. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, жаңа жүйе аясында халыққа тегін медициналық қызмет көрсететін барлық мекемелермен келісімшартқа қол қойылған болатын.

    Яғни, 1 сәуірге дейін МӘМС жүйесіне қаржы төлемеген азаматтар әлі де тегін медициналық көмекке жүгіне алады, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Белгілі болғандай, еліміздегі тұрғындар ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін ғана тегін медициналық көмек ала алады екен. Ал сәуір айынан бастап ай сайын МӘМС жүйесіне қаражат төлеген азаматтар ғана өздері тіркелген емханаларға барып қарала алады. Ал МӘМС жүйесіне ақша төлемеген азаматтарға мұндай қызмет көрсетілмейді екен.

    Бұл мәселеген қатысты әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қалалық филиалының директоры Айдар Сейітқазынов былай деп айтқан болатын:

    «Еліміздегі азаматтарға сәуір айына дейін әлеуметтік статусын анықтап, тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаларға тіркелуі керек. Бұл жеке кәсіпкерлер, жалдамалы қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға да қатысты».

    Белгілі болғандай, осы уақытқа дейін еліміздегі барлық тұрғындар МӘМС аясында мәртебесіне қарамастан медициналық көмек ала алатын. Ал 1 сәуірден бастап бұл тоқтатылмақ. Мұндай қызметті толық көлемде алу үшін сақтандыру жасату міндеттеледі.

    Өз әлеуметтік статусыңызды қалай анықтауға болады?

    • Egov.kz электрондық үкімет порталынан немесе халыққа қызмет көрсету орталығынан тексере аласыз;
    • Емханада ақпараттық жүйе арқылы;
    • @saqtandyrybot жеделхат-бот арқылы;
    • Егер жұмыссыз болсаңыз және мәртебеңіз расталмаған болса, халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелуіңіз қажет;
    • Егер экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін болсаңыз, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіңіз керек немесе бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеуіңіз шарт.

    2020 жылға дейін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жоспарлы стационарлық көмекті қоспағанда, медициналық көмектің барлық пакетін алған болатын. Ендігі кезекте жұмыссыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жұмыссыз мәртебесін алады да, ол үшін мемлекет белгіленген уақытқа дейін Қорға жарна аударуды өз мойнына алады.

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қаражат төлеу міндетінен босатылатын тұлғалар:

    • Кішкентай балалар
    • Жұмыссыз мәртебесін алған адамдар
    • Жұмыс жасамайтын аяғы ауыр әйелдер
    • 3 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған жұмыссыз адамдар
    • Аяғы ауыр немесе бала тууға байланысты демалысқа шыққан әйелдер
    • Мүгедек балаға қарап, жұмыссыз отырғандар
    • Бірінші санаттағы мүгедек баланы кішкентайынан бағып, жұмыссыз отырғандар
    • Зейнетақы алып отырған ҰОС ардагерлері
    • Сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүргендер
    • Тергеу абақтысында отырған адамдар
    • Жұмыс жасамайтын шетелден келген қазақтар
    • «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе «Батыр ана» орденімен марапатталған көпбалалы аналар
    • Мүгедектер
    • ҚР ЖОО-да күндізгі бөлімде оқитын студенттер
    • Әлеуметтік көмек алып отырған жұмыссыз азаматтар

    Қазақстанда енгізілген бұл жаңа медициналық реформа практика жүзінде қалай болмақ?

    Мұның салдарынан халықтың көпшілігі медициналық көмекке жүгіне алмай қалмай ма?

    Назерке Лабихан

    Фото: Ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    «Короновирусқа бір клиент табылды» – деп қуанып кеткен болуы керек. Короновирустан қайтқандардың санын жасанды түрде көбейтіп отыр

    Фариза

    Рамазан айында ораза ұстауға шамаңыз жетпесе, не істеу керек?

    Француз депутаты коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр

    Фариза

    1 пікір

    Абиев Бердибек 04/03/2020 at 23:06

    Жасымен, баламен, индвал. зейнетке шфққандар ше? Ауырса өлсін деген сөз бе?

    Жауап беру

    Пікір қалдыру

    fourteen + fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.