5 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    ДДСҰ коронавирустың Қытайдан бөлек тағы 64 елде таралғанын мәлімдеді

    Дүние жүзі бойынша Қытайды есепке алмағанда, коронавирус тіркелген мемлекеттер саны 64-ке жетті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінен белгілі болды деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап.

    2 наурыздағы ақпарат бойынша бір тәулікте коронавирус тіркелген мемлекеттер саны алтыға артқан. Вирус алғаш тараған сәттен бастап Қытайдан тыс елдерде 8774 адам ауру жұқтырып, 128 науқас қайтыс болған.

    Әлем бойынша инфекция жұқтырған 88 984 адамның 80 174-і Қытайда тіркелген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінге дейін Қытай Халық Республикасында коронавирустан 2915 адам көз жұмған.

    Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Сауд Арабиясында алғаш рет коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді.

    Оған дейін Сауд Арабиясының туризм министрлігі коронавирус дерегі көп тіркелген жеті елдің азаматтарына электронды туристік виза беруді уақытша тоқтатқан болатын. Мақсаты жаңа қытайлық вирустың ел аумағына таралуына жол бермеу еді.

    Мұндай шектеулер тек ауру тараған елдерге ғана емес, солармен шекаралас мемлекеттерге де қойылды. Сол себепті, тізімге Қазақстан да кіріп отыр.

    қатысты посттар

    Енді ХҚО мен автоХҚО- ға азаматтар 10 күнде бір рет қана брон жасай алады

    Фариза

    “Оны 17 ер адам зорлағанына сенімдісіз бе?” Тұрғымбаев Сарыағаштағы оқушының ісіне қатысты пікір білдірді

    Фариза

    Алматы қаласының жедел жәрдем қызметкері жұмысындағы қиын жағдай туралы айтып, көпшіліктен көмек сұрады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.