12 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    “Өкінішке қарай, сондай жағдай болып қалды” Елжан Біртанов мәлімдеме жасады

    Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Жапониядағы лайнерде болған 4 қазақстандық және олармен бірге Токиодан ұшып келген азаматтар карантинде жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    «Шынында да біз бұл мәселе бойынша ақпарат алып жатырмыз. Өкінішке қарай, сондай жағдай болып қалды. Денсаулық сақтау министрлігі аталған азаматтардан кешірім сұрайды (Токиодан ұшып келген ұшақтағы адамдарға лайнердегі азаматтардың болғанын хабарламағаны үшін-ред.). Бұл шешімді қабылдайтын кезде бізде уақыт болған жоқ. Сол күні бізге сондай ақпарат түсіп жатты. Басқа мемлекеттерде осындай жағдай болып, Жапониядағы лайнерден елге қайтқан жолаушылардың арасында Израиль мен АҚШ-та коронавирус қайтадан табылды», – деді Елжан Біртанов Үкімет отырысынан кейін тілшілерге.

    Министрдің айтуынша, қазақстандық 4 азамат елге келе жатқан рейстік ұшаққа билет алған.

    «Бұл – олардың құқығы, қолдарында тиісті құжаттары, медициналық құжаты бар. Олар – дені сау адамдар. Сонымен Жапония тарапы олардың ұшаққа мінуіне ешқандай қарсылық білдірмеген. Біздің дипломатиялық қызметтер олармен тікелей байланыста болды. Бірақ сол ұшақ бері шыққаннан кейін біз осындай шешім қабылдадық. Әрине, ыңғайсыз жағдай болып отыр. Біз бүгін тағы да бұл мәселені қарастырдық. Бүгін үшінші рет тағы да тест аламыз», – деді Денсаулық сақтау министрі.

    Оның сөзіне сенсек, ұшақта болғандардың бәрі қазір карантинде жатыр.

    «4 адам – Жапония лайнерінде болғандар. Қосымша 8 экипаж мүшесі мен 8 жолаушы бар. Тағы да айта кетейін, бұл азаматтар науқас емес. Бәрі сау», – деді ол.

    Еске сала кетсек , жапондық Diamond Princess лайнерінің бортында болған Қазақстанның 4 азаматы Нұр-Сұлтан қаласының №3 көпбейінді ауруханасының жанындағы инфекцияға қарсы корпусқа орналастырылған еді. 23 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайға Токио-Нұр-Сұлтан рейсімен 20 жолаушы келген. Оның 16-сы – Қазақстан азаматы. Төртеуі – Diamond Princess лайнерінің ішінде болған жолаушылар.

    қатысты посттар

    Қырғызстандағы қырғын: Экс-президентті ұстау барысында 15 адам зардап шекті

    Назарбаев: Баршаңызды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын

    Фариза

    Көліктерді 1 наурызға дейін не тіркеу керек, не елден шығару керек – Тоқаев

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.