Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • ҚоғамМәдениет және шоу-бизнес

    Өнер иелері «Ломбард 24» компаниясының қаржы пирамидасы екенін білмегенін айтып, халықтан кешірім сұрады

    Қазақ киносында өзіндік қолтаңбасы бар ағайынды Артур мен Асылхан Төлеповтер және эстраданың жарық жұлдызы Айқын Төлепберген «Гарант 24» жарнамасына түскені үшін, барша қазақстандықтардан кешірім сұрады деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталыНы сілтеме жасап.

    Айқын Төлепберген бұл компанияның жарнамасына түскенін айтып, өзі де алданып қалғанын жеткізді.

    «Бұл компанияға ешқандай қатысым жоқ. Сіздер сияқты мен де алданып қалдым. Компанияға мені досым алып барды. Ол «көлігіңді қымбатқа сатып, арзанға басқа көлік сатып аласың» деді. Құжатын көріп, көз жеткіздім. Келісімшарты да көрдім. Көп көлік пен пәтер сатын алынғанын да көрдім. Бұл жерде мен ломбард деп ойладым. Кәдімгі қымбат бағаға өткізуге болады деп ойладым. Мен өзім арзан бағаға көлік күттім. Алдандым. Досым да алданғанын айтып отыр. Осы арқылы кейбір достарым арзан бағаға көлік алып, кейбір достарым шын мәнінде көліктерін қымбатқа сатты. Сондықтан олардың жарнамасына түскен едім», — деді әнші.

    Өнер иесі «Ломбард 24» компаниясының қаржы пирамидасы екенін білмегенін, бұл ісіне қатты өкінетінін айтып, барша тыңдармандарынан кешірім сұрады.

    қатысты посттар

    Қазақстанның бес қаласында митинг өткен: министрлік түсініктеме берді

    Әлемнің қай түкпіріне барсам да, мен қазақпын» Димаштың видеосы 12 сағат ішінде 120 миллион көрілім жинаған

    Фариза

    42 500 теңгені заңсыз алғандар жәрдемақыны Үкіметке қалай қайтара алады?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two + 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.