Воскресенье, 18 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Павлодарда Тайландтан келген бір отбасы коронавирус жұқтырды деген күдікпен инфекциялық бөлімге жатқызылды

    Петропавл қаласында «коронавирус жұқтырды» деген күдікпен төрт адам ауруханаға жеткізілді. Төртеуі де бір отбасының мүшелері, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    Осыдан бір күн бұрын әлеуметтік желілерде арнайы киім киген медицина қызметкерлерінің екі көлікпен адамдарды әкетіп бара жатқан видеосы тараған болатын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәселенің мән-жайын түсіндірді. Ресми мәліметке сәйкес, бір отбасының мүшелері Тайландтан келіп, дене қызуының көтерілгенін байқаған.

    «Ерлі-зайыптылар екі баласымен Тайландтан ұшып келген. Дене қызуы болды. Барлығын «коронавирус жұқтырды» деген күдікпен инфекциялық бөлімге жатқызды. Олар тексерістен өтті. Зертханалық сынамалардың нәтижесінде коронавирустық инфекция анықталған жоқ. Медицина қызметкерлері тәртіп бойынша әрекет етті», — дейді мамандар.

    Қазіргі кезде әйел балаларымен бірге инфекциялық бөлімде жатыр. Ал ер адам қалалық ауруханаға ауыстырылды. Төртеуінің де жағдайы қалыпты.

    қатысты посттар

    «Қыздар ана жерлеріңе ие болыңдар…»

    Педофилдер мен жемқорларға өлім жазасы енгізілсін! Конституцияға үздіксіз өзгеріс енгізген билік неге тоқтап қалды?

    Фариза

    Астанадағы Наурыз мерекесіне 300 мыңнан астам адам қатысады

    Пікір қалдыру

    three × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.