-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Етті шетелге сата бермей, алдымен өз нарығымызды қамтиық — Дариға Назарбаева

    Етті шетелге сата бермей, алдымен өз нарығымызды қамтамасыз етуіміз керек. Сенат спикері Дариға Назарбаева Ауыл шаруашылығы министрлігі және сала өкілдерімен кездесуде осындай мәселе көтерді. Себебі, қазір отандық нарықта ет тапшылығы мен бағаның қымбатшылығы белең алған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Neonomad.kz порталына сілтеме жасап.

    Министрлік өкілдерінің айтуынша, жыл сайын агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 116 миллиард теңге бөлініп келеді. Соған қарамастан, отандық нарыққа шикізат жетіспей жатыр екен. Соның кесірінен шикізат құны қымбатқа түседі де дайын өнімдердің де бағасы шарықтап шыға келеді. Екінші мәселе, өңдеуші өнеркәсіп орындары тек 40-45 пайызға ғана жұмыс істеп тұр. Себебі, мемлекеттік субсидия өңдеушілерге емес, мал азығын өндірушілерге беріледі. Сондықтан шаруалар да малын ет өңдеушілерге емес, соларға сатады. Ал бордақылаушылар алыпсатарлар арқылы сыртқа сатуға бейім.

    «Сайып келгенде өз нарығымыз опық жейді»,- дейді сала мамандары.

    «Бізге қазір халықтың қалай азық-түлікті қолжетімді бағада алатыны жөнінде ойлану керек. Бұл – басты ортақ міндетіміз. Ауыл шаруашылығы саласы алдында үлкен жауапкершілік тұр. Қазақстандықтар туралы ұмытпаңыздар. Олардың дастарханында дәмді тамағы, еті болуы қажет. Ол үшін алдымен азық-түлік қауіпсіздігі туралы мәселе шешілуі тиіс», – деді Сенат спикері Дариға Назарбаева.

    қатысты посттар

    Тоқаев биліктің кімге мұраға қалатынын айтты

    Өңір тынысы — сенаторлар назарында болды

    «Мінсіз монтаж жасап, ерекше еңбек етіпсіздер» Тазабеков көпшілікке тараған видеоға байланысты пікір білдірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.