16 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    “Мен енді үнсіз отыра алмаймын”. Атамбаевтың қызы үндеу жасады (видео)

    Экс-президенттің қызы өз отбасы мен бейбіт азаматтар үшін алаңдайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева әкесінің ұсталып, қамауға алынуына байланысты Instagram-дағы парақшасында көпшілікке үндеу жасады.  

    “Мен суретшімін. Ешқашан саясатқа араласпадым. Бірақ қазіргі билік әкемді заңсыз және әділетсіз ұстап, шектен шығып кетуіне байланысты бұдан әрі үнсіз отыра алмаймын”, – деп мәлімдеді Атамбаевтың қызы.

     Шагиеваның айтуынша, елде құқықтық нормалар бұзылып жатыр, оппозициялық телеарналар жабылып, бұқаралық ақпарат құралдарынан жалған ақпарат таратылуда.

    “Мен өз отбасым үшін, бейбіт азаматтар үшін алаңдаймын”, – деп толықтырды бойжеткен.

    Әлия Шагиева биліктің әкесін жауап алуға шақыруы оны ұстауға сылтау ғана болды деп есептейді.

    “Қылмыс әлемінің серкесі Батукаевты Қырғызстаннан шығаруға қатысты істі ойдан шығарып алды. Іс жүзінде менің әкемді оппозициялық қызметі үшін қамауға алғысы келді. Оның көптеген жақтасына дәл осылай жасады. Мысалы, Кубан Кулпатов пен Сапар Исаковты жауап алу үшін шақырып, ешқандай талқылаусыз қамауға алды”, – дейді ол.

    қатысты посттар

    Француз депутаты коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр

    Фариза

    “Мені қамап, ауызымды жаптырмақшы” Қамауға алынған белсенділердің арасында қандай байланыс бар?

    Фариза

    “Ырбикүлдер мен Жырбибайлар қаптап кетті…” Шаханов Тоқаевпен өзекті мәселелерді талқыламақ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.