Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға

    Қордайдағы қақтығысқа қатысты 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды, оның 11-і адам өлтіру дерегі бойынша

    Қордайдағы қақтығысқа қатысты 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды, олардың 11-і адам өлтіру дерегі бойынша. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Бүгінде 100-ден аса адамнан жауап алынды, процессуалдық іс-шаралар жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Барлық қажетті процессуалдық дәлелдерді алған соң кінәлілер жауапкершілікке тартылады», — деді Қожаев.

    «Қылмыстық істер өте көп, оған қоса, күнделікті тағы қосылып жатыр. Себебі қақтығысқа қатысты жаңа деректер шығып жатыр. Бүгінде 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды», — деді ол.

    Ведомство өкілі нақты қанша адамның ұсталғаны жайлы мәліметті кейінірек айтуға уәде берді.

    Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған болатын.

    қатысты посттар

    Алматыдағы бассейндердің бірінде 11 бала уланып қалды

    Фариза

    Біздің ер азаматтарымыз әйелдердің әуретімен арпалысып жүргенде, өзге ұлттар жерімізді игеріп байып жатыр!

    Мүфтият оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді (видео)

    Пікір қалдыру

    10 + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.