Суббота, 23 августа 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қырғызстандық дүнгендер Қазақстанға азық-түлік пен ақша тасуда

    Қордай ауданының ауылдарындағы жағдай қазір тұрақтанып келеді. Жергілікті тұрғындардың тыныштығын тәртіп сақшылары күзетуде, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Neonomad.kz порталына сілтеме жасап.

    Қордайлық ауылдарда бірнеше жеңіл көлік мінген жүргізушілер жергілікті халықтарға азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттарды таратып жүр екен. Осылайша біз зардап шеккендерге көмектескіміз келетіндігін көрсеттік дейді Қырғызстан азаматтары.

    «Біз Қырғызстанның Миляфан дейтін дүңгендер қоныстанған ауылынанбыз. Өзіміздің бауырларымыздың жағдайын естіп, оларға жәрдемдескіміз келді. Олар бізге жат емес, бұл ауылда таныстарымыз бен туыстарымыз бар. Менің өзім Масаншыда туып-өстім, ағылшын тілінің мұғалімімін. Бұл жерде менің ағам тұратын, мектеп директоры болып жұмыс істейді.

    Бірақ, оның үйін өртеп жіберген. Сол себепті ол Қырғызстанның Тоқмақ қаласына өтіп кетті. Масаншыға оралмады. Бірақ, басқалары Қазақстанға қайтып келіп жатыр. Біз мың бөлке нан пісіріп әкелдік. Бұған қоса тұрғындарға түрлі дақылдар, күріш, төсек жабдықтарын, жөргектер мен 10 мың сом (шамамен 54 000 теңге) ақша бердік», – деп қосты Халима Щимарова.

    қатысты посттар

    Пикеті үшін қамалған Орал тұрғыны аштық жариялады

    Фариза

    «Неше бала дүниеге әкелдіңіз, нешеуі тірі». Бюро басшысы бұл сұрақтың санаққа неге қосылғанын түсіндірді

    Фариза

    Министр кей азаматтардың 42 500 теңгені екінші рет неге ала алмай отырғанын түсіндірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.