Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Аблязов Айсұлтан Назарбаевтың атынан пост жазғанын мойындады

    Елден қашып жүрген банкир Мұхтар Аблязов жақында әлеуметтік желілерде Елбасының немересі Айсұлтан Назарбаевтың парақшасында жарияланған арандатушылық сипаттағы посттарды өзі жазғанын мойындады деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Бұл туралы ақпарат қазақстандық саясаттанушы Ербол Еділовтің Telegram-арнасында пайда болды. Онда шамамен желі қолданушылардың бірінің Аблязовпен хат алмасуының суреті жарияланған.

    Хабарламада банкир Елбасы немересінің атынан жазылған жазбалардың авторы өзі екенін түсіндірген.

    Айтуынша, ол Айсұлтанға бұл мәтінді өз атынан жариялауды ұсынғысы келген, алайда, байқаусызда «кілт қоюды ұмытып кетіп, жазба эфирге шығып кеткен».

    Ербол Еділовтің Telegram-арнасында жарияланған скриндер

    Ербол Еділовтің Telegram-арнасында жарияланған скриндер

    Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Елбасының немересі Айсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік желідегі жазбаларына қатысты пікір білдірген болатын.

    «Бұл мәселе бойынша ағайынға айтқым келеді, қазір жалпы біздің қоғамда ғана емес, әлем бойынша өтірік пен шын ақпаратты ажырату үлкен мәселе болып тұр. Кейбір топтар жалған ақпарат таратып, үлкен компаниялардың, жеке адамдардың тіпті, бүтін бір елдің абыройына нұқсан келтіріп жүргенін көріп жүрміз. Бірақ мұның артында жымысқы ой, пайда көру ниеті тұрады және мұндай мысалдар соңғы уақытта біздің елде де көбейіп келеді. Мұның соңы арандап қалуға әкелуі мүмкін. Айсұлтанға қатысты да осыны айтқым келеді», – деді ол«Хабар» арнасындағы «Открытый диалог» бағдарламасына берген сұбатында.

    қатысты посттар

    Білім және ғылым вице-министрі қанша жалақы алатынын айтты

    Фариза

    Мұхтар Жәкішевтің соттағы соңғы сөзі

    «Жоғарғы билікте саяси тартыс басталды» Айсұлтанның мәлімдемесі Назарбаев дәуірінің аяқталғанын көрсетеді — Жанболат Мамай

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.