Воскресенье, 16 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Дүңгендер қазақша үйренуі тиіс — Тоқаев Түймебаевқа тапсырма берді

    Қазақстан Президенті елдегі тұрақтылықты, ұлттар мен этностар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға бағытталған шаралар қабылдау үшін бірқатар нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлайды Qazweek.kz  ақпарат агенттігі, Ақордаға сілтеме жасап.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа үкіметтік комиссияның Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масаншы, Қаракемер, Сортөбе, Ауқатты және басқа да ауылдардың тұрғындарымен өткізген кездесу қорытындысы бойынша мәлімет берілді.

    Қазақстан Президенті елдегі тұрақтылықты, ұлттар мен этностар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға бағытталған шаралар қабылдау үшін бірқатар нақты тапсырма берді.

    Кездесу барысында Жамбыл облысындағы дүңген қауымының жергілікті қазақ қауымдастығымен араласуына, қазақ тілін үйренуіне, мемлекеттік органдарға құрметпен қарауына қатысты мәселелерге баса мән берілді.

    қатысты посттар

    «Оның бәрі заңсыз әрекет екен…» — митингке қатысқан жастардың өкініші (видео)

    Мәжіліс депутаттарының қазақ тілін үйренуіне қаржы бөліне ме?

    Фариза

    «Ауыл тұрғындарына сауаты төмен деп қарауды қою керек» Әли Бектаев Дана Нұржігітке ескерту жасады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.