-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қордайдағы қақтығыстан кейін Қырғызстанға кеткен тұрғындар үіне қайтуда

    Қордай ауылындағы қазақ-қырғыз шекарасына келген Бердібек Сапарбаев шекарадан өткелі тұрғандармен кездесіп, оларға үйіне қайтуды ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

    Премьер-министрдің орынбасары шекарада тұрған көпшілікке: «Кешеден бері осында жұмыс істеп жатырмыз. Президенттің берген тапсырмасы бар, ол – осында тәртіп пен тыныштық орнату. Түні бойы осында болдық, бәрі тыныш. Сондықтан үйге қайтқандарыңыз жөн. Енді бәрі дұрыс болады. Біз бүгін де, ертең де осында жұмыс істейміз. Полиция да осында. Бәрін қалпына келтіреміз. Кім кінәлі екенін анықтап, оларды жауапқа тартамыз. Сол үшін үйге қайтыңыздар, балалар сабағынан қалмасын. Осында тіршілікті әрі қарай жалғастыра бересіздер. Келген шығын есептеліп, өтеледі», – деді.

    Оның айтуынша, Қордай ауылдарындағы тіршілік қайтадан бұрынғы қалпына түседі, сондай-ақ, қауіпсіздік үшін де алаңдамауға болады.

    қатысты посттар

    «Мені қашан өлтіріп кетеді?»: Қуат Хамитов өзінен жалыққанын айтты

    Фариза

    Онлайн-микрокредит беру тәртібі күшейтілді

    Фариза

    Қызылордада археологиялық қазба жұмыстары басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.