-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    Коронавирус белгілі бір ұлтты жойып жіберуге арналған биологиялық қару ма?

    Қытайдың Ухан қаласынан тараған өлімге апаратын коронавирус — қазіргі таңда әлемдік проблемаға айналған аса қауіпті дерт. 638 адамның өмірін жалмаған коронавирустың кері әсері күннен-күнге көбеймесе азайып жатқан жоқ. Дегенмен, аталған дәл осы вирус расында ойламаған жерден пайда болған кесел ме, немесе, әлдебіреулердің қолдан ойлап тапқан биоқаруы ма? Дәл осы ой бүгінгі таңда әлемдік пікір-таласқа әкелуде. Біреуі Қытайдың қолдан жасаған дүниесі десе, енді бірі Американың Қытайға жасаған құйтырқы әрекеті деп баға беруде. Ендеше, дәлелдерге көз жүгіртіп көрейік.

    1. Ең бірінші қызықтыратын сұрақ: Қытай халқы құрт-құмырсқа, жәндік,, яғни коронавирустың басты ауру тудырушысы болып табылатын жарғанат пен жыланды бірінші рет жеп отырған жоқ. Сонау қанша ғасырдан бері жарғанатты да, жыланды да азық етіп келген Қытай халқында неліктен бұл вирус бұдан бұрын шықпай, дәл қазір пайда болды?

    2.Естеріңізге сала кетсек, ақпарат көздерінде коронавирус бұл дәл бүгін шыққан кесел емес, оны Қытай лабораториясында мамандар 2017 жылы ойлап тапқан, дәл сол ауруды осы жылы лаборатория қызметкері байқаусызда жұқтырып алып, оны жанындағыларға жұқтыруы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

    Бұл айыптаудың басты негізі ауру шыққан жер де, жоғарыда атап өткен лабораторияның да Ухан қаласында, яғни бір қалада орналасуы еді.

    Америка ғалымдарының айтуы бойынша Қытайдың Ухан қаласында орналасқан лабораторияда 4-деңгейде, яғни, өте қауіпті, әрі жұқпалы вирустарға арналған лаборатория орналасқан. Олардың бұл лабораториясында тек вирустарға қарсы дәрі ғана емес, сондай-ақ биоқару ретінде қолдануға арналған вирустардың өзі де шығарылатын көрінеді.

    3.Сондай-ақ тағы бір қауіп төндіретін жағдай Қытай Халық Республикасы карантинді өте кеш жариялады. Коронавирустың бірінші белгісі 2019 жылдың желтоқсан айында пайда болса да, Қытай билігі тек 2020 жылдың 23 қаңтарында ғана карантин жариялады. Бұл дерттің аса қауіпті екендігін білсе де Қытай билігінің кеш әрекет еткені қалай?

    Аталған деректерге қарап Қытай бұл ауруды өзі ойлап тапқан дейін десең, өз халқын қырып, экономикасын төмендету Қытайдың өзіне тиімді ме деген сауал туады.

    Ал Қытайдың өзі бұл ауруды Америка тарапынан келген биоқару деп топшылауда.

    Олардың айтуы бойынша коронавирус жылан арқылы таралған. Ал тұрғындардың сөзінше жыландар мекен ететін өзенде түрлі ракета қалдықтары басқа да зиянды заттарды тапқан. Соның әсерінен коронавирус тарауы мүмкін деген сөз қозғауда.

    Әлем эксперттерінің айтуы бойынша коронавирус тек гені бір қытай тектес ұлттар мен монғолоид тұқымдастарына ғана жұғу мүмкіншілігі көп.

    Әлемдік аса қауіпті эбола, мербург сынды аурулармен күресіп жүрген вирусолог, Александр Чепурновтың айтуы бойынша, дәл осындай жағдай Саха және Сібір халықтарының арасында болған екен. Бір кездері Сібір халқы мен саха халқы энцефалит атты жұқпалы аурумен ауырған. Бұл ауру жұқпалы бола тұра тек аталған ұлт өкілдері ғана осы аурумен ауырған.

    Аталған деректерді саралай келе, расымен де бұл ауру Қытай халқы мен ген жағынан Қытай тектес ұлттар үшін жасалған ба деген ойға келесің? Себебі:

    • Қытай халқы күн санап, күннен-күнге вирустың әсерінен қырылып, азайа бастады.
    • Қытайдан бөлек, 2 мемлекетте коронавирустан екі адам қаза тапты. Ең қызығы, Филиппинде де Гонконгта да қаза тапқандар қытай ұлтынан.
    • Белгілі болған мәліметтер бойынша, Ресейде коронавирус анықталған екі адам да қытай ұлтынан болып шықты. Байқап отырғанымыздай, басқа елге таратушылар да, бұл кеселге шалдыққандардың да басым көпшілігі қытай ұлты.
    • Сондай-ақ, ең көп таралған аймақтар Азияның шығысы мен оңтүстік шығысындағы мемлекеттерді мекен еткен ұлттардың арғы тегі қытай тектес болып келеді. Яғни, жоғарыда аталған теория да бекерден-бекер айтылмаса керек.

    • Короновирус жарияланған 31 желтоқсаннан бастап 638 адам қаза тауып, 31 393 адам ауруды жұқтырып үлгерді. Ең қызығы, ешқандай ақпарат көздерінде қытай мен арғы тегі қытаймен туыстас болып келетін мемлекеттерден басқа ұлт өкілдерінің коронавирусты жұқтырғаны туралы, қаза тапқаны туралы бірде-бір мәлімет жоқ.

    Расында, аталған мәліметтер Қытайға арнайы жасалған биоқару деген нақты ойға әкеледі. Дегенмен, бұл ауру тек Қытай халқына арналған, бізге жұқпайды екен деп те жайбрақат жүре бермеу керек. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!

    Фариза Жомартқызы

    қатысты посттар

    Сенат Елбасының өмір бойы төрағалық ету құқығының күшін жоюды мақұлдады

    Фариза

    «Көтеріліс арқылы мәселе шешілгенін көрген емеспін…» — белгілі әнші митингіге қатысты өз ойын білдірді

    Қостанай облысында ер адам ауған азаматтарын Қазақстанға кіргізбек болған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.