12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Үш бірдей полицей түрмеге қамалды: сотталушының анасы Жоғарғы сотқа жүгінді

    Нұрлыбек Сағындықов, Нұрболат Әлнияшев және Бексұлтан Рахметов есімді азаматтар Арал ауданының ішкі істер бөлімінде жедел уәкіл болып қызмет атқарған. Осы жылдың 29 шілдесі күні Қызылорда облыстық апелляциялық сотының үкімімен үш азамат 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агентігі, Azattyq ryhy порталына сілтеме жасап. 

     

    Сотталғандардың бірі Бексұлтан Рахметовтің анасы  оқиғаның мән-жайын баяндап, соттың үкімімен келіспейтінідігін жеткізді. Оның айтуынша, жәбірленуші тәртіп сақшаларына жалған жала жауып, қылмыстық істен сытылып кетудің амалын жасаған.

    «Арал ауданының тұрғыны, яғни мал ұрлығымен бұрын-соңды да бірнеше рет істі болған азамат Тұрлыбек Айтжановты 2019 жылдың 26 желтоқсанында түнгі уақытта құжатсыз мал тасымалдап бара жатқан жерінен учаскелік полиция қызметкері көріп қалып, 102 номеріне хабар берген. Хабарлама бойынша, құжатсыз екі ірі қара малдың етін көлікке тиеп алған Айтжанов Арал аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілген. Сол күні полиция бөлімшесіндегі жедел уәкілдер – Нұрлыбек Сағындықов, Нұрболат Әлнияшев және Бексұлтан Рахметов жұмыс істеген. Үшеуі күдіктіге қатысты сұрастыру жұмыстарын жүргізген», – дейді Мейрамкүл Айдарова.

    Мейрамкүл Айдарованың айтуынша, осы аралықта полиция бөлімшесіне жедел уәкіл тобының бұрынғы басшысы келіп, жағдайға араша түскен. Нақтырақ айтқанда, ол бөлімшеге аудандық прокурордың орынбасарын шақырып, «полицейлер күдіктіге күш көрсетіп жатыр» деп шағым айтқан екен. 

    «Прокурордың орынбасары бөлімшеге келгеннен кейін заңдағы тәртіпке сәйкес күдікті ретінде ұсталған Айтжановты үш сағаттан кейін босатады. Алайда сол сәтте прокуратураның қызметкері оның денесінен ешбір жарақатты көрмейді. Айтжанов та шағым жазбайды», – дейді адвокат Қуаныш Дүйсембаев.

    Іс мұнымен бітпей, керісінше шиеленісе түскен. Қорғаушының айтуынша, Айтжанов сол күні жедел-жәрдем қызметін шақырып, ауруханаға түседі. 

    «Айтжановты тасымалдаған таксист те, жедел-жәрдем қызметінің мамандары да оның денесінен ешбір жарақат көрмегенін айтты. Дәрігерлер тек бетінің ғана қызарып тұрғанын, ол күннің суығынан немесе үйкелегеннен болуы мүмкін екендігін жеткізді. Аурханада оны Киікбаева деген кезекші дәрігер қабылдаған, алайда оны ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Өйткені, бойынан ешбір жарақат таппаған. Алайда арызқой Айтжанов өз айтқанынан қайтпай, рентгенге түсу үшін таңға дейін ауруханадан сол күйі шықпай қойған», – дейді адвокат.

    Бір қызығы, таңертең травматолог келген кезде Айтжановтың бойынан бірнеше дене жарақаты анықталған. Полицейлердің адвокаты күдікті болған азамат «мұны қасақана жасауы мүмкін» дегенді алға тартады.

    «Дәрігер сол жақ самайының сырылғанын, тобығының және екі білегінің көгергенін, санының жырылғанын анықтады. Сот медициналық сараптамасы травматологтың тізіп берген жарақаттарын «жеңіл дәрежелі жарақат» деп бағалайды. Яғни, ол жарақаттар қандай да бір затқа ұрып-соғып алғаннан болуы мүмкін. Сондай-ақ сот медициналық сараптамасы аталған жарақаттарды адамның өз-өзіне де салуы мүмкін екенін ескерді. Өйткені қолы жететін жерлер. Ал жырылған тұстары – ол ұрып-соққаннан болмайтыны анық», – дейді Қуаныш Дүйсембаев.

    Қорғаушы жәбірленушінің ұсақ-түйек дене жарақаттары оның полиция бөлімшесінде жасаған тәртіпсіздігінен болуы мүмкін екенін айтады.

    «Айтжановты бөлімшеге жеткізген кезде сұрастыру жұмысы барысында ол полицейлерге қарсылық танытып, кабинеттегі компьютер, жалюзи, принтер сынды мүліктерді қиратқан. Бұл жөнінде қылмыстық іс қозғалды. Міне, сол сәтте бөлімше қызметкерлері оны тыныштандырып орнына отырғызуды көздеді. Бәлкім, сол кезде жәбірленуші өзінің денесін қандай да бір затқа соғып алған шығар. Егер шынымен ол полицейлерден таяқ жеген болса, бөлімшеден кетпей сол жерде жедел-жәрдем қызметін шықарар еді. Ал ол болса, бөлімшеден кетіп қалғаннан кейін медициналық көмекке жүгінген. Артынша тәртіп сақшыларының үстінен «ұрып-соқты» деп жала жауып, шағым түсірген», – дейді адвокат.

    Аталған іс аудандық сотта шамамен жарты жылдай қаралған. Сондай-ақ, бірнеше куәгер аталған іске қатысты көрген-білгендерін айтқан.

    «Сотта оқиға болған күні Айтжанов Тұрлыбекке жедел-жәрдем шақырып берген куә, аудандық ауруханаға апарған фельдшерлер және кезекші дәрігер куәгер ретінде сөйледі. Сонымен қатар, қылмыстық іс бойынша тағайындалған сарапшы мамандар да жәбірленушінің бойында адам қолынан алған жарақат жоқтығын айтты. Осының нәтижесінде қылмыстық іс бойынша айыптауға негіз жоқ болғандықтан менің ұлым Рахметов Бексұлтан мен оның әріптестері Арал аудандық сотының шешімімен 2021 жылдың 21 мамырында ақталып, кінәсіз екендері дәлелденіп шықты», – дейді Мейрамкүл Айдарова.

    Аудандық соттың үкімі полицейлердің пайдасына шешілгенімен, көп ұзамай жәбірленуші облыстық апелляциялық сотқа шағым түсірген екен.

    «Алайда Қызылорда облысының прокурорлары өздерінің лауазымдарын асыра пайдаланып, сондай-ақ бір жағынан өздерінің жылдық көрсеткіштерін ойлап, адамның тағдырын ойлаймай, үш азаматтың тағдырына балта шапты. Облыстық апелляциялық сот аудандық соттың үкімін бұзып, 2021 жылдың 29 шілдесінде үш жігітті үш жылға бас бостандығынан айырды», – дейді Мейрамгүл Айдарова.

    Бүгінде сотталған полицейлердің адвокаты Қуаныш Дүйсембаевтың Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасына өтініш жазғаны белгілі болды.

    Сонымен қатар, Мейрамгүл Айдарова өңірде мал ұрлығына қатысты қылмыс әлі азаймай тұрғанын жеткізді. Осы орайда ол Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан осы мәселені тыңғылықты тексеруді сұрады.  

    «Осы қылмыстың бетін ашамыз деп үш полицей қазір сотталып кетті. Ол мал Ақтөбе облысы Шалқар ауданы тұрғындарына тиесілі екені анықталды. Алайда мал ұрлығы бойынша қылмыстық іс Арал аудандық полиция бөлімінде негізсіз тоқтап қалған. Малдың иелері арызданғаннан кейін қылмыстық істі Шалқар ауданына жолдаған. Содан бері негізгі күдіктілер анықталмай, тергеуге шақырылмаған. Сондықтан да осы істі министр өз бақылауына алып, күдікті тұлғаларды анықтауға нақты тапсырма беруін өтініп сұраймын», – дейді Мейрамкүл Айдарова.

    ФОТО: АШЫҚ ДЕРЕККӨЗДЕН

    қатысты посттар

    “Мемлекеттің мойнына асылып алған қайыршылар” Ақтөбеде шаруалар көтерілді

    Фариза

    Үш баланың анасын зорлап, өлімге душар еткен имам қандай жазаға тартылады?

    «Бетінде сақалы, аузында Алласы болған соң сеніп қалдым»: көпбалалы ана Балғынбек Имашевқа алданғанын айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 + 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.