17.6 C
Алматы
Понедельник, 25 августа 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қазақтың қара домбрасын жерге ұрып сындырған жігіт көпшіліктің ашуын туғызды (видео)

    Әлеуметтік желілер арқылы домбыраны жерге ұрып сындырғандардың әрекеті жазылған бейнежазба тарады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ERNUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    TikTok желісіне @66seal аккаунты арқылы салынған бейнежазбада жартылай жалаңаш жігіт қазақтың қастерлі домбырасымен ән айта бастап, соңында орнынан атып тұра сала ұлттық жәдігерді жерге бір ұрып сындырған. Бейнежазбада байқалғандай, бірнеше жігіт көңіл көтеріп отырған секілді. Домбыраны сындырмақ болғанын бірі сезсе керек, «Керек емес!» («Не надо!» — ред.) деп қалады. Дегенмен, оны тыңдаған басты кейіпкер жоқ, домбыраның күл-паршасын шығарып тастайды. Бейнежазбаның қайда түсірілгені белгісіз. Дегенмен, TikTok желісіне @66seal аккаунтымен салынған видео астына «Астана», «Казахстан» хэштегтері белгіленген. Бұл бейнежазбаны көрген желі қолданушылары наразылықтарын жазуда.

    https://youtu.be/Od8Mw-68vrk

    қатысты посттар

    Алматы полициясы өзін өртеген әйел айыптаған қаржы пирамидасына қатысты пікір білдірді

    Фариза

    Өгей әкесі үш жыл бойы азғырып келген 12 жасар қыз өзіне қол жұмсамақ болды

    Фариза

    Түркістанда әкімнің балалары қоғамға ортақ стадионды жекеменшікке айналдырып алған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.