Тележүргізуші Мұхит Сапарбаев OYBAY SHOW жобасында «Еуразия» телеарнасындағы Qalayym Live шоуының экс-қатысушыларымен кездесіп, бағдарлама туралы көпті алаңдататын сұрақтардың жауабын білді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Экс-қатысушылар жобадан неге шығып қалғанын, енді немен айналысатынын, сондай-ақ Qalayym Live бағдарламасы қалай жұмыс істейтінін айтып берді.
Экс-қатысушылар бағдарламадан нақты қанша ақша алып келгенін және сценарий бойынша жұмыс істегенін ашық айтады.
«Бағдарламадағы болмысымыз қазіргі өмірімізге сай келмейді. Өмірге реніші бар, ажырасып келген долы әйелдің рөлінде ойнадым», — дейді қатысушылардың бірі.
Ал журналистің бағдарламадан қанша ақша алдыңдар деген сұрағына олар ашық жауап беруді жөн көрді:
«Цифрын айту керек пе? 6250 теңге. Ең соңғы айлығымызды ешқайсымыз алған жоқпыз. Ай сайын алатынбыз. Сонда шамамен 125 мың теңгедей шығатын».
Сондай-ақ, экс-қатысушылар бағдарламаға қатысқанына өкінбейтінін айтты. Себебі, олардың айтуынша, көбі жобаға танымал болу үшін, «абырой жинау үшін» келгенін ашық айтады.
Осыдан кейін жүргізуші ойын ұйымдастырып, экс-қатысушыларды жанжал шығаруға шақырады. Осы кезде экс-қатысушылардың ішінен Әділет пен Ұлдана есімді жігіт пен қыз таңдап алынып, олар бағдарламадағыдай ұрыс шығарады.
https://youtu.be/G3drgUwf4sk
Айта кетейік, Qalayym Live жобасы демалыс күндерін қоспағанда күн сайын 3 сағат эфирден көрсетіледі. Бағдарламаны әнші Аша Матай жүргізеді.