-1.9 C
Алматы
Пятница, 27 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Әзілдедім, қорықсын дедім». Жалған ақпарат таратқан дәрігер әрекетін түсіндірді

    «Алматыда 70 адам коронавирус жұқтырды» деген жалған ақпарат таратқан дәрігер өз әрекетін түсіндірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz-ке сілтеме жасап.
    .

    Бұл видео әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатыр.

    «Мен, акушер-гинеколог Думан Кемпилович Айтжанов, бүгінгі видеоүндеуімді What’s app-тағы «Братва» тобына коронавирус туралы жіберген видеома байланысты жаздым. Достарыма әзілдедім, қорықсын дедім, коронавирус туралы ескерттім. Видео үшін қатты өкінемін. Мені көріп отырғандарға мен сияқты қателік жасамаңдар деп айтқым келеді», — деді дәрігер видеоүндеуінде. Полицейлер ер адамның тергеу кезінде уақытша қолхатпен босатылғанын айтты.

    Еске салайық, мұның алдында дәрігердің ұсталғаны хабарланған болатын. Әлеуметтік желілерде ақ халат киген ер адамның Алматыда коронавирус жұқтырды деген 70 адам туралы айтқаны түсірілген видео тараған еді. Кейін бұл мәліметтің Денсаулық сақтау министрлігің өкілдері жалған екенін айтты.

    қатысты посттар

    «Полицияда жұмыс істейді. Оны жұмыстан шығармаған» BMW жүргізушісі туралы жаңа ақпараттар шықты

    Фариза

    MEGA желісінің барлық сауда және ойын-сауық орталығы жабылды

    Фариза

    Шымкентте 22 адамды егеуқұйрық тістеп алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.