-4.1 C
Алматы
Понедельник, 18 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Басшы болудан дәмелі шенеунік әкім лауазымын 50 мың долларға сатып алмақ болған

    Жамбыл облысында әкім лауазымын сатып алғысы келген шенеуніктің басы дауға қалды. Меркі ауданы әкімнің орынбасары Мейіржан Сүлейменов өзінің басшысының жайлы орнын иеленуге 50 мың доллар бермек болыпты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасының мәліметіне сүйеніп.

    БАСШЫ БОЛУДАН ДӘМЕЛІ ШЕНЕУНІКТІҢ ТЕЛЕФОНМЕН СӨЗДЕРІ ҰЛТТЫҚ БЮРОНЫҢ ҚОЛЫНА ТИГЕН.

    Мейіржан Сүлейменов, Меркі ауданы әкімінің орынбасары:

    — Енді телефонмен кім не айтпайды? Сондай әңгіме олған шығар. Иә, Алматыға ауысамын деген жұмыстар болған. Бірақ ол жерде жолдастармен салмақты әңгіме болған емес. «Сатып аламын, осыншама ақша беремін» деген. Ойнап, достармен бір жерде айтқан шығармын.

    Ойнаса да, ойындағысын айтса да, Мейіржан Сүлейменовтің ісі әдеп кеңесінде майшаммен қаралды. Шенеунік қылығына жауап бере алмай әбден састы.

    Айта кететін жағдай, атқамінердің әкімнің орнын сұрағаны кездейсоқ анықталған. Яғни басқа бір іс бойынша күдік туғызған Сүлейменовті ұлттық бюро өкілдері бақылауға алыпты. Оның телефонын тыңдау барысында орынтақ саудасы жөніндегі әңгіме әшкере болған. Ал оған қызмет әперуге уәде еткен өңірге танымал кәсіпкер болып шықты. Оның тағдыры әзірге белгісіз. Белгілісі, әдеп кеңесі Сүлейменовті қызметінен төмендету жөнінде ұсыныс берді. Дегенмен соңғы шешімді Меркі ауданы әкімінің өзі қабылдайды. Мейірхан Өмірбековтің өзін қызметтен ығыстырғысы келген орынбасарына қандай шара қолданатынын уақыт көрсетеді.

    Қайрат Дүнбаев, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері:

    — Рустамбеков айтады, сенің мәселең шешіліп жатыр, солай-солай деп. Бұл кісі жауап береді. Сұрайды. «Тағайындалған кезде 200 мың доллар болмай ма, үстеме сұрамай ма? Азар болса 50 мың шығар бере алатыным, кейін оны қайдан шығарып аламын» деген сияқты әңгімелер. Сондай бірнеше әңгіме. Бақытқан Шөленбаев деген кісімен. Нақты тағайындалу бойынша. Аудан әкіміне.

    қатысты посттар

    Президент Масанчи ауылында болған жаппай төбелес туралы: Жағдай бақылауға алынды

    Фариза

    Министр: Отставкаға кетуге дайынмын…

    Жағдай күрделеніп кетпесе, төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталады — Тоқаев

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.