-11.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Тасмағанбетов «жерлеу процессін митингіге айналдырмасын» деді…

    Заманбек аға қайтыс болған кезде «Қайдан шығарамыз?» – деген үлкен дау болды. Осындағы біраз ағалар мені өтірікші дей қоймас, Қалдыбек Құрманәлі екеуміз барлық келіп-кетушіні қарсы алып, шығарып салып, осының ортасында жүрдік. Осы мәселе көтерілген кезде болған қызықтарға, тартыстарға тоқтамай-ақ қояйын. Тасмағанбетовке кеткен делегация қайтып келіп, киіз үйге Қалдыбек екеумізді шақырып алып, ішіндегі сыйлы ағаның бірі былай деді: «Біз әкімге осындағы жағдайды айттық. Шындығына келгенде Асқар, Қалдыбек екеуіңді саттық! «Сол екеуі үйде шығаруға қарсы дау жасап, дүрліктіріп жатыр» – дедік. Енді әкімнің тапсырмасы мынау: Оппозиция жерлеу процессін митингіге айналдырмасын. Ешқандай үгіт, насихат айтылмасын, плакат, лозунг шықпасын!» – деді. Осыны екеуің шешіңдер деді. Оппозиция онсыз да сол төңіректе жүргендіктен Қалдыбек екеумізге оларды кешке, бір киіз үйге жинау қиын болған жоқ. Алтынбек Сәрсенбаев, Жармахан Тұяқбай, Бутя… бәрі дерлік жиналды. Біз ағалардан келген ескертуді айттық. «Осындай бір бәле болса Қалдыбек екеуміз «халық жауымыз» – дедік ))) Сонда Алтынбек Сәрсенбаев «Бұл билікке не болған? Тірі емес, өлген Заманбектен сонша қорыққаны несі? Қайдағы митинг, банер, плакат? Біз ағамыздың қаралы күніне келеміз. Жауап осы! Өлімен алысқанша тірінің тілегін естіп, тірлігін түзеп үйренсін де олар» – деп еді…

    Жаңа Дина Елгезек қызымыз бүгін өлген Қонаевты жақтаймын деп біраз «жау» тауып, «Банға кеттім» – деп, күліп отыр екен. Дина, Алтынбек ағаңның айтқан сөзінің кері ғой ол.

    Асқар Наймантаевтың Facebook парақшасынан

    қатысты посттар

    «Мен клиникаға жасырыну үшін келдім…» — Айсұлтан Назарбаев Лондоннан сұхбат берді

    Мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталған Константин Сыроежкин 10 жылға сотталды

    Фариза

    «200-ге жуық адамды басқа облыстарға апарып тастадық…» — Министрлік

    Пікір қалдыру

    ten − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.