Воскресенье, 18 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатҚоғам

    Ерейментау әкімдігінің қызметкерлері аза тұту күнінде жаңа жыл мерекесін тойлаған

    Ақмола облысының Ерейментау ауданы әкімдігінің қызметкерлері 28 желтоқсанда «Жалпыұлттық аза тұту күні» кезінде Жаңа жыл мерекесіне орай кеш ұйымдастырған деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

    Ұшақ апатына қатысты жарияланған қаралы күнде жасаған әкімдік қызметкерлерінің бұл әрекеті жергілікті тұрғындардың ашу ызасын туғызыпты.

    Мұндай жағдайға ашынған Ерейментау тұрғындары полицияға хабар беріпті. Алайда сауық жасаушыларды ешкім тоқтатпаған.

    12 адамның қазасына әкелген қаралы оқиғаға да, мемлекет басшысының жарлығына да, Ерейментау ауданының басшысы мен қызметкерлері селт етпеген секілді.

    Олар жаңа жылдық сауықты жергілікті мәслихат депутатының мейрамханасында өткізген.

    Аудан әкімі болып тағайындалғанына бір жыл да болмаған Абай Әлжанов болса сол кеште әйелімен бірге «туған күнде» болғанын айтқан.

    «Бір туыстардың туған күнінде болдық. Мен кірдім де, шықтым, бір туысымның… несіне…  жолдасыммен. Беретінімді беріп,құттықтап шықтым», — деді Абай Әлжанов.

    қатысты посттар

    Коронавирус өршіп тұрған қаладан 94 қазақстандық студент елге оралмақ

    Фариза

    Алматыда үш баласымен терезеден секіріп кеткен әйелдің туыстары күйеубаласын кінәлап отыр

    Фариза

    Назарбаевқа бюджеттен 330 миллион теңге бөлінбек

    Пікір қалдыру

    14 + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.