Вторник, 8 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • IT және Ғылым

    Халықаралық олимпиадада Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды

    Қазақстандық жасөспірімдер халықаралық пәндік олимпиадалардың күнтізбелік жылын лайықты аяқтап, дайындық сапасын тағы да дәлелдеді.

    Дохада (Катар) жасөспірімдердің 16-шы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (International Junior Science Olympiad – IJSO) аяқталды. Жарысқа әлемнің 70 елінен 15 жастан аспаған оқушылар қатысты. Әр ел 6 оқушыдан тұратын команданы жібереді.  Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды. IJSO-2019 – тестік, теориялық және практикалық турда қатысушылар физика, химия және биология бойынша өз білімдерін көрсетті.

    Күміс медальді Павлодар қаласы, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9 сынып оқушылары Рахимжанов Динмухамед пен Лим Владимир жеңіп алды.

    Қола медальдарымен: Қызылорда қаласы №9 облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Серікбаев Исламхан, Нұр-сұлтан қаласы «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының 10 сынып оқушысы Қалдыбаев Рауан, Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Сәрсенбай Айдос марапатталды.

    Медальдардың көптігі — бұл өзіндік дәстүрлері мен жаңашылдықтары бар тамаша педагогикалық мектептің, сонымен қатар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиадалық резерв мүшелерін сапалы даярлаудың нәтижесі.

    қатысты посттар

    100 жылда бұлттар жойылады. Ғалымдар дабыл қағуда

    Оразаның пайдасын дәлелдеген ғалым Нобель сыйлығын алды (фото)

    Фариза

    Алматы тұрғындары аудан әкімдеріне тікелей эфирде сұрақ қоя алады

    Пікір қалдыру

    8 − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.