11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Мәдениет және шоу-бизнес Саясат

    “Еш қисынға келмейді… Алжас аға, Алжаспаңыз!” – Балғынбек Имашев Тоқаевқа ашық хат жариялады

    Айтыскер ақын, белгілі қоғам қайраткері Балғынбек Имашев оңтүстік астананың атауын өзгертуге қарсы шықты. Ол өзінің инстаграм парақшасында президент Қасым-Жомартқа ашық хат жариялады.

    «Мен Алматыны Алма-Ата қылып өзгертуге түбегейлі түрде қарсымын!!! Олжас Сүлейменов атамыздың ақындығына, ғалымдығына, қайраткерлігіне сөзім жоқ. Бірақ, қазақылықтан жұрдай-ау. Алматының «Бұрынғы» атауын қайтару туралы қайсы бір жылы әңгіменің шетін шығарған. Енді қайта бастапты», – дейді халық жанашыры.

    Алматы қазақтар үшін ешқашан «Алма-Ата» болмағанын тілге тиек еткен ақын былай тек орыстілділер атағанын айтады.

    «Бұл Сілеті, Шідерті, Өлеңті, Көкпекті деген сөздердегідей «ты, ті» деген жұрнақ арқылы жасалған есім сөз. Алмалы деген нұсқасы да болған. Қазақта Қарағайлы, Текелі, Арқарлы, Қопалы, Миялы деген мысалдардағы «лы, лі» немесе, «Шеңгелді, Қарағанды, Ошағанды деген мысалдардағы «ды, ді» жұрнақтары арқылы жасалған есім сөздер де бар. Қазақтың ру-тайпаларындағы көптеген атаулар осы үлгіде жасалған. Мысалы: Ысты, Шапырашты, Ошақты, Сіргелі, Балғалы, Орақты, Балталы, Бағаналы, Қайшылы т.б.», – деп Имашев оңтүстік шаҺардың қазіргі атауы барлық тілдік нормаларға сай келетінін жіліктеп жазған.

    Айтыскер ақын елде онсыз да қордаланып тұрған шаруалардың көптігін, өзгерту керек болса, Астана мен Алматыдан басқа Павлодар мен Петропавл тұрғанын алға тартты.

    «Алматы – қазақтың төл сөзі! Алма-Ата деген еш қисынға келмейді. Қамбар ата, Зеңгі баба, Сексек ата бар бізде, Алма ата жоқ! Олжас аға, орысша Алжас аға, Алжаспаңыз! Елді де, ел басындағыларды да алжастырмаңыз!», – деп датын айтқан ақын мемлекет басшысынан мұндай теріс ұсыныстардың жетегінде кетпеуді ашына сұраған.

    «Осы тәп-тәуір атауы бар елді-мекендер мен қалалардың атын өзгерте бергеннен басқа жұмыс жоқ па? Басқа уайым жоқ па? Ақша тасып бара ма? Әлде ол ақшаны жұмсайтын сала жоқ па? Онсыз да шыдамы таусылуға шақ тұрған халықтың сабырын сарқығанша, болатын тірлікпен айналысса екен жоғарыдағы ағалар», – деп Балғынбек Имашек билік басындағыларға шешімін таба алмай жатқан көкейтесті мәселелерге назар аударса деген өтінішін білдірді.

    Естеріңізге сала кетсек, белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов осыдан бірер күн бұрын Алматыға ескі «Алма-Ата» атауын беру туралы бастаманы көтеріп, қаланың атауын өзгерту үшін петицияға қол қоятындардың алғашқысы болуға дайын екендігін атап өтті. Айтуынша, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынысын қолдады-мыс.

    ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Алматы атауын өзгерту туралы ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, «Олжас Сүлейменовтің президентпен кездесуде осы идея туралы айтқаны – мемлекет басшысы бұл ұсынысты қолдайтынын білдірмейді» д. Президент ағымдағы жылдың 29 қазанында өткен қала активінің отырысында Алматыны дамытудың аса өзекті міндеттеріне назар аудару қажет деп есептейді. Президент мұндай маңызды мәселелерді кабинеттерде немесе тек азаматтардың пікірін анықтау арқылы ғана шеше алмайды деп санайды», – деп жазды Ерлан Қарин өзінің Telegram каналында.

    Бұған дейін бірқатар қазақстандық БАҚ белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовке сілтеме жасай отырып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының атауын өзгерту туралы ұсынысын қолдағаны туралы ақпарат жариялады.

    Дереккөзі: Stan.kz

    қатысты посттар

    «Көрмегенді көрсетеміз»: Путин қақтығысқа сырттан ешкімнің араласпауын сұрады

    Фариза

    Заңсыз митингке шыққандарға заңды шаралар қолданылмақ

    “Үкімет күшіне сенбей ме, әлде еріне ме?” – Бекболат Тілеухан министр Біртановқа қарсы шықты

    Пікір қалдыру

    one × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.