13 C
Алматы
Понедельник, 19 мая 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШҚО-ның 10 ауылында блокты-модульді станциялар орнатылады

    Ұлан ауданындағы Герасимовка және Тарғын ауылдарының тұрғындары 2020 жылы сапалы ауыз сумен қамтылады. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.
    Сағыр, Украинка, Ново-Одесское ауылдарына орталықтандырылған су құбырын тарту жобасының құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтуде. Ал биыл Пролетарка, Жоғарғы Тайынты, Баяш Өтепов, Ізғұтты Айтықов ауылдарына су құбырларын тарту мақсатында жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Брифингке қатысқан аудан әкімі осылай деді.
    – Облыс әкімі Даниал Ахметовтің шешімімен адам саны аз 10 ауылда блокты-модульді станциялар орнатылады. Басты мақсат – тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

    қатысты посттар

    Жамбылда жыл соңына дейін 82 мың га ауылшаруашылық жерлері мемлекетке қайтарылады

    Фариза

    Үкімет басшысы әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын реттеудегі Жамбыл облысының тәжірибесін үлгі етті

    Фариза

    Шымкентте науқастар санының азаюына байланысты күндізгі стационар жабылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.