19 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Корея, Үндістан және Индонезия елшілері қазақстандықтарды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

    Корея, Үндістан және Индонезиның Қазақстандағы елшілері барша қазақ жұртын ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. Елшілер Тәуелсіздік жылдарындағы Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін, әлемдік деңгейдегі қайраткерлігін жоғары бағалап, ел болашағының жарқын болуын тіледі, – деп хабарлайды «Қазақ радиоларының» жаңалықтар қызметі.

    Ким Дэсик, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Өкілетті және Төтенше елшісі:

    Мен сіздерді шын жүректен Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазіргі Қазақстанның негізін қалаған батыр. Мен Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстанның 300 жылдық тарих ағымын өзгертіп, заманауи, тәуелсіз мемлекет құрған көшбасшы деп ойлаймын. Сонымен қатар, оны Корея Республикасымен  берік, достық қарым-қатынастың іргетасын қалаған басшы ретінде білемін. Мен шетелдік азамат ретінде Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа зор құрметімді білдіремін. Зор денсаулық тілей отырып, көшбасшылық қабілетін  Қазақстанның тұрақты дамуына жұмсай беруіне тілектеспін. Көп рақмет.  

    Рахмат Прамоно, Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

    Индонезия Республикасының Нұр-Сұлтандағы елшілігінің атынан сіздерді айтулы мереке – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Елдің негізін қалаушы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттің дамуы мен гүлденуіне өлшеусіз үлес қосты. Қысқа уақыт аралығында біртұтас ұлтпен өркендеген мемлекетке айналып, 2050-інші жылдың қарсаңында әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жоспарын іске асыруда. Осы айтулы күні сізге амандық, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тілеймін!

    Прабхат Кумар, Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Үндістан Үкіметі мен халқы атынан Қазақстанда және шетелде тұратын барлық Қазақстан азаматтарын құттықтағым келеді. Дәл осы күні Қазақстан азаматтары Аса мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның тұңғыш президенті етіп сайлады. Енді ғана тәуелсіздік алған елдің қандай қиындықтар мен сын-тегеуріндерге ұшырайтыны Үндістанға аса мәлім. Тұңғыш Президенттің кемеңгер көшбасшылығының арқасында бүгін Қазақстан әлемнің жетекші елдерінің қатарында. Қазақстан азаматтарын бүкіл Үндістан халқының атынан тағы да құттықтап,Аса мәртебелі Елбасыға ұзақ өмір және мықты денсаулық тілегім келеді. Үндістан мен Қазақстанның ынтымағы жасай берсін!

    қатысты посттар

    “Халықты діннен бездіруге сенің қандай хақың бар?!” Белгілі дінтанушы Тазабековті сынның астына алды

    Фариза

    Ақтоты Райымқұлова отставкаға қашан кететінін айтты

    Фариза

    Қазақстанда ондаған жануарлар мен өсімдік түрлері жойылып кету қаупі алдында тұр – Тоқаев

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.