9 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Саясат

    92 жасында билікке қайта оралған президенттер бар – Нұрсұлтан Назарбаев

    Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі билік транзитіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Baq.kz порталына сілтеме жасап.

    Билік транзиті туралы мәселе соңғы кездері  ең көп қойылатын сұрақ. Негізі менің  мандатым 2020 жылдың соңында аяқталады. Алайда осындай шешім қабылдадым. Осындай танымалдығымның шыңына жеткен тұста президент қызметінен кетіп қалдым. 2015 жылғы сайлауда мен 96 % дауыс жинадым. Менің кеткенімді халықтың қаламағанын да жақсы білемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Ол өз еркімен билікті тастап кеткен әлемдік көшбасшылардың бірнешеуін мысалға келтірді.

    Бұл соншалықты таңғалатын жағдай емес. Шарль де Голль (Францияның бұрынғы президенті) Ли Куан Ю мырзада (Сингапурдың бұрынғы премьер-министрі) өз еркімен отставкаға кеткендер қатарында. Тек Махатхир Мохамад (Малайзия премьер-министрі) – 92  жасында қайтып оралды. Мен Кеңес Одағы кезінен бастап Қазақстанның басшылығында болдым. Әсіресе, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі жылдар қиын жылдар болды, – деді Елбасы.

    Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО мен Еуропалық Одақ арасында диалогтың жоқтығына алаңдаушылығын білдіргені туралы осыған дейін жазғанбыз. Назарбаев әлемдік державалар арасындағы бәсекелестік жаңа деңгейге шыққанын айтты.

    қатысты посттар

    “Ринат өз үйінде болған…” – ІІМ мәлімдемесі

    Жолдау кәсіпкерлерге көрсетілген жеңілдігімен құнды

    Тоқаевтың жаттығу залындағы суреті желі қолданушыларын тәнті етті

    Пікір қалдыру

    3 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.