Воскресенье, 15 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Жұлқылап, айқайлаған: Елордада балабақаша тәрбиешісінің әрекеті видеоға түсіп қалды

    Нұр-Сұлтан қаласындағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің бүлдіршіндерге дөрекілік танытқаны видеоға түсіп қалды. Ол балаларды жұлқылап, айқайлаған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап.

    Аида Жексен Telegram желісіндегі арнасында балабақшада орын алған оқиғаның видеосын жариялады. Онда тәрбиешінің балаларға айқайлап, жұлқылағаны көрінеді.

    Елордалық білім басқармасындағылар Stan.kz ақпарат агенттігіне оқиғаның қаладағы балабақшалардың бірінде орын алғанын растады. Айтуларынша, мектепке дейінгі білім мекемесінде қызметтік тексеріс жүргізіледі. Ал тәрбиеші жұмысынан уақытша шеттетіліпті.

    «Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім мекемесіне білім басқармасынан комиссия жіберілді. Комиссия бейнебақылау камерасынан алынған жазбаның негізінде қызметтік тексеріс жүргізетін болады. Тексеріс нәтижесі бойынша балабақша қызметкері мен басшылығына қатысты тиісті шаралар қабылданады», — дейді Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының стратегия, талдау және цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Жазира Асанова.

    қатысты посттар

    Шымкентте 1 мамырдан бастап кәсіпкерлік нысандар жұмысын бастайды

    Фариза

    «Үлгі аларлық челлендж» Айдын Рақымбаев дәрігерлерге 100 млн теңге бөлді

    Фариза

    Шымкент: Қаланың оңтүстік қақпасы мен Республика даңғылында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.