-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Мәншүк Мәметованың даулы ескерткіші енді Семейдегі балабақшадан табылды (фото)

    Бірнеше күннен бері қоғамда қызу талқыға түскен Мәншүк Мәметованың ағаш мүсіні Семейдегі балабақшалардың бірінен табылды деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    https://www.instagram.com/p/B4fARKJAmaG/?igshid=17eolol4vl9v5

    Ескерткішке қатысты даулы оқиға әлі де жалғасын табуда. Семей тұрғындарының хабарлауынша, мүсін енді өңірдегі балабақшаның аумағында тұр.

    Атап айтқанда, ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі semey_zhalobyпарақшасында пайда болған. Жазба авторы ағаш ескерткіш «Ажар» балабақшасынан орын тапқанын хабарлаған.

    Суретте ескерткіштің түрлі-түсті түске боялғаны көрініп тұр. Әкімдік мүссінді кәдеге жарататына сенген қала тұрғындары бүгінгі жағдайды түсіне алмай әлек.

     

     

     

    «Бұл туындыны кәдеге жаратамыз деп еді. Ол «Ажар» балабақшасында қайдан пайда болды? Әлде бұл көшірмесі ме?»,- деді автор қала билігіне.

    Пікір білдірушілер де бұл мүсінге баға берді. Олар әлі де шеберлердің төмен сапалы жұмысына ренжулі. Ал ата-аналардың айтуынша, бүлдіршіндер осы «апай» үшін енді балабақшаға баруға қорқады.

    Сонымен қатар, пікірлерде мүсін балабақша аумағында аз уақыт тұрғаны, оны кейіннен алып тастағаны да айтылған. Бірақ, ескерткіш қазір қайда екені белгісіз.

    Айта кетейік, осыған дейін Жеңіс паркінде орналасқан Мәншүк Мәметованың мүсіні көпшіліктің наразылығын тудырды.

    Артынша әкімдік аталған ескерткішті алып тастады. Ал мүсінді жасаған шеберлер халықтан кешірім сұрады.

    қатысты посттар

    Үйі өртенген алты балалы отбасы далада қалды

    Фариза

    Мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары адам саудасымен айналысты деген күдікке ілінді

    Фариза

    Бір компания Алматыда 10 гектар алма бақты отап тастады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.