-8.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Бұқтырмада қысқартуға ұшыраған бірде –бір адам жұмыссыз қалмайды 

    Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Бұқтырма цемент зауыты басшылығы қарашаның 1-нен бастап 79 адамды жұмыстан қысқартуға жіберген болатын. ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында аудан әкімі Нұржан Тоқсеитов осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.
    Аудан әкімінің айтуына қарағанда, мәселе облыс басшылығының қатаң бақылауында. Аудан әкімдігі мен жұмысшыларды қысқартуға жіберген компания басшылығы арасында келіссөздер жүргізілген. Нәтижесінде қысқартуға ұшыраған бірде-бір адам жұмыссыз қалмайды. Қазірдің өзінде 11 адам жұмыспен қамтылған. Олардың алтауы зейнеткер. Қырық адам үш мердігерлік — «ВГС» ЖШС, «БСЦ» ЖШС және «Vк Атлант» ЖШС компанияларына жұмысқа орналастырылады. Ал қалған 22 жұмысшыны жұмыспен қамтамасыз ету үшін компания 2 күн уақыт сұрап отыр.
    –Қазір осы мәселені шешу жолдарын қарастырып жатырмыз. Барлық жағдай жағдай облыс әкімі Даниал Ахметовтың басты назарында. Қалған 22 адам Бұқтырма цемент зауытында жұмысын жалғастырады. Егер оларға ұсынылған жұмыс көңілдерінен шықпай жатса, басқа жұмыс тауып береміз, — деді Алтай ауданының әкімі Нұржан Тоқсеитов.
    Айта кету керек, ШҚО әкімі Даниал Ахметов фейсбук желісіндегі өз парақшасында орын алған жағдайға қатысты, тиісті органдар қысқартудың заң нормаларына сәйкестігін тексеретіні жайлы жазған болатын. Апта соңына дейін барлық азаматтар жұмысқа орналастырылады.
    – Бірінші кезекте біз адамдардың жағдайын ойлауымыз керек. Ешкім жұмыссыз қалмайтынына сөз беремін. Ауданның әр тұрғыны атқарушы билік тарапынан жасалатын қамқорлықты сезінуі керек. Біздің саясат осы,-деп түйіндеді Н. Тоқсеитов.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында өңірдің 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары жүзеге асырылуда

    Фариза

    Жамбылда 600 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Қала әкімі чемпиондарды марапаттады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve + fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.