8 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    “Қолыңнан келмесе, кіріспе!” Тоқаев Алматы әкімінің орынбасарына қатаң сөгіс жариялады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа Көк-Төбеде кесілген алма көшеттері үшін cөгіс жариялады, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    “Швейцарияда үш жыл жұмыс істеуіме тура келді. Онда ағаштарды заңсыз кесу, тіпті бір ағашты кесіп тастау ауыр қылмыс болып саналады, себебі ол – бүкіл халықтың ортақ мүлігі. Көк-Төбедегі алма көшеттері сын көтермейді. Осыған байланысты әкімнің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа сөгіс жариялаймын. Игі істі жоқ қылдыңдар. Осы іске кіріссең – жасау керек. Қолыңнан келмесе, кіріспе”, – деді Тоқаев.

    Сондай-ақ, мұның алдында Президент Көк-Жайлауда тау-шаңғы шипажайын салу жобасына қатысты пікір білдірген болатын. “Қайтадан осы мәселеге оралмау үшін мен бүгін осы жобамен айналысуға тыйым саламын. Яғни Көк-Жаулауда тау-шаңғы шипажайын салуға. Ол бізге керек емес”, – деген еді Қасым Жомарт Тоқаев.

    қатысты посттар

    42 500 теңгені заңсыз алғандар жәрдемақыны Үкіметке қалай қайтара алады?

    Фариза

    Назарбаев: Баршаңызды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын

    Фариза

    Қазнетте шенеуніктерден құралған отбасыға қатысты дау шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.