-6.1 C
Алматы
Среда, 18 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    «Төбелестен қашқақтап жүргеніне мәз» Шетел сарапшылары Қанат Исламның жеңісіне не дейді?

    Қанат Исламның өткен демалыстағы жекпе-жегі жанкүйерлерін қуанта қойған жоқ. Көбі қазақстандық боксшының жеңісін «әділетсіз» деп бағалап, намибиялық Уолтер Каутондокваның басым болғанын айтады. Бұған қатысты WBO-ның өзі пікір білдірген болатын. Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Тengrinews.kz порталына сілтеме жасап бокс сарапшылары мен басылымдарының Ислам — Каутондоква кездесуі жайлы мәлімдемелеріне шолу жасады.

    «Соңғы раундтарда өлмеудің қамын жасады»

    Польшалық Sport.pl порталының журналисі Марцин Пехота қазақстандық боксшының соңғы раундтарда шаршап қалғанын байқаған. Оның пікірінше, кездесудің 12 емес, 10 раундқа жоспарлануына Қанаттың төзімі себеп болуы мүмкін.

    «Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам Деметриус Андраденің соңғы қарсыласы Уолтер Каутондокваны жаман стильде жеңді. Қазақстандықта төзім бойынша проблема бар — соңғы раундтарда ол өлмеудің қамын жасады. Меніңше, сол себепті олар 10 раунд өткізді, ал BoxRec 12 раунд болады деп хабарлаған еді», — деп жазды Пехота Twitter-парақшасында.

    «Бұл жекпе-жектің жауабынан сұрағы көп»

    Аsianboxing.info сайты да қазақстандық боксшыны сынға алды. Сондай-ақ басылым Исламның жақында мексикалық Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырғанын еске түсірді.

    «Өткен аптаның басым бөлігін «Канеломен» ықтимал жекпе-жекке арнаған қазақстандық Қанат Исламның Уолтер Каутондокваға қарсы проблемаларға тап болғанын көрдік — бұл жекпе-жектің жауабынан сұрағы көп. Бесінші раундтағы нокдауннан кейін бәрі өзгерді. Ислам британиялық джорнимен секілді жұдырықтасты — раундтарда өлмеуге тырысты. Ол төбелестен қашқақтап жүргеніне мәз секілді көрінді — қашты, күресті, клинчке барды — төбелесті азайтудың бар амалын істеді», — деп жазды портал.

    Сондай-ақ, бұл басылым да Қанаттың шаршаңқырап қалғанына мән берді.

    «Раунд сайын Ислам шаршаңқырай түсті, алғашқы раундтардағы қозғалысы мен сауатты қорғанысы ғайып болды. Оның орнына көбірек демалуға тырысты. Біздің санауымызша нокдауннан кейін Ислам 95:94 есебімен жеңді, бірақ төрешілердің есебі масқара: 99:92 және екі 97:92», — деп жазды.

    «Нокдауннан кейін бар күшін жоғалтты»

    Ресейлік Fightnews.info порталы Қанаттың жекпе-жегі нокдауннан кейін өзгергенін жазды.

    «Бесінші раундта Ислам африкалықты нокдаунға түсірді, бірақ одан кейін бар күшін жоғалтып, қалған раундтарда ерік-жігерінің арқасында ғана жұдырықтасты. Каутондоква ринг бойы ізіне түсіп, оң қапталдан жойқын соққы жасауға тырысты. Ислам қашқақтап, клинчке ұмтылды, тоқтамай қозғалды, қолын түсірген кезде сәт сайын соққы алып тұрды», — деп жазды басылым.

    Портал Қанат Исламның шаршап қалғанын көрген жанкүйерлердің ыстық қолдауына тоқталды. Басылымның жазуынша, Қанаттың соңғы гонгке дейін құламауына кездесудің 10 раундқа ғана созылғаны көмектескен.

    «Жетінші раундта алматылық жұртшылық Қазақстан әнұранын орындап, өз боксшысына қолдау көрсетуге тырысты. Трибунаның жалынды қолдауы мен Исламның ауыр жағдайына қарап, кездесу форматы 10 раундқа ауыстырылуы Қанатқа соңғы гонгке дейін шыдауға көмектескен болуы керек», — деп жазды портал.

    WBO не дейді?

    Ал Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Қанат Исламды бірауыздан жеңіске жетті деп есептейді. Ұйым сайтында Ислам мен Каутондоква жекпе-жегі бойынша есеп ұсынылған.

    «Каутондокваға төрешілерді көндіру үшін күш-жігер мен төзім жетпеді. Ислам бірауыздан жеңіске жетті. Осылайша, рекордын 27-0 қылған қазақстандық боксшы WBO рейтингінде 8-орында келеді, әлі де көтерілетін шығар. Бұл Қанат үшін керемет кездесу болмаса да, ол жеңіп, төрешілердің өз пайдасына шешім шығаруы үшінбарын салды», — деп жазады WBO.

    Исламның әлем чемпионы бола алмайтынына 7 себеп 

    Ал қазақстандық бокс сарапшысы Уәлихан Қосанбай Қанат Исламның әлем чемпионы бола алмайтынына жеті түрлі себеп келтірген. Солардың бірі — менеджері.

    «Қанат Ислам Эгис Климастан неге кетті? Осыны түсінбедім. Нелсон Лопеске қайта барыпты. Бірінші рет бұл кісімен жұмыс істегенде Нелсон ешнәрсені қатырмаған еді. Енді бірдеңе істейді дегенге сенбеймін. Эгис, ең болмаса, боксшымызды чемпионға қарсы қойып бере алар еді. Ол дегеніміз — белбеуге жетуге бір қадам деген сөз. Ал мына менеджерімен Қанат ағамыз осы деңгейде қала береді. Нелсон осы уақытқа дейін бір чемпион шығармады. Америкада ол рекорды мықты боксшыларға тек оппонент тауып беруші ғана. Климасты көпшілік біледі. Абыройы да бар. Әлемнің үздік менеджерлерінің бірі», — деп жазды Қосанбай Facebook желісіндегі парақшасында.

    Оның жазуынша, Исламның чемпион бола алмауына менеджерінен бөлек, жасы, бапкері, рейтингі, танымалдығы, салмағы, спарринг-қарсыластары себеп болуы мүмкін.

    қатысты посттар

    «Олардың бәрі кезекке тұру керек…» — Головкин әлем чемпиондарын көзге ілмей отыр

    Конор Хабибтің әйеліне тіл тигізді

    Мен қаншалықты аты шыққан боксшы болғаныммен, АҚШ-та маған көрермен жоқ — Қанат Ислам

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.