-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Аяғы қап-қара болып кеткен…» — қарттар үйіне түскен қария жұмбақ жағдайда қаза тапты

    27 қыркүйек күні елордадағы қарттар үйіне тапсырылған қария 20 күннен кейін жұмбақ жағдайда жан тапсырды.

    Нұр-Сұлтанда қарттар үйіне жатқызылған 67 жастағы қария жұмбақ жағдайда қайтыс болды.

    Марқұмды жан тапсырар кезінде көрген көршілері мекеме қызметкерлері ұрып-соқты деп күдіктенеді. Өйткені оның аяқ-қолы сынып, көгеріп, күйіп кеткен еді дейді.

    Анатолий Вознюк көлік саласында қызмет атқарыпты. Зейнет жасына келгенде қарайласар бірде-бір туысы қалмаған. Тек көршілерімен ғана жақын араласқан. Жалғыздықтан әбден шаршаған соң, қоңсысының көмегімен Қарттар үйінен пана табады. Арты қайғымен аяқталған, деп хабарлады «Астана»арнасы.

    «Біз бір отбасындай болып кеткенбіз. Менде оның сенімхаты да бар. Қарттар үйіне өткіз деген соң, жағдайы жақсарар деп, айтқанын екі етпеп едім. Кім білген осылай боларын. Оны бірінші рет көруге келгенде, тамақтанудан бас тартқанын айтты. Екінші келгенде, бір аяғы қап-қара болып ісініп кеткен. Қараудың өзі қорқынышты болды», — дейді марқұмның көршісі Вера Петрова.Анатолийдің аяғы мазалағандықтан, соңғы жылдары жүруден қалған. Бір аяғына ота да жасалыпты. Қарттар үйі оны сол күйінде қабылдағанымен, артынан ауруханаға  жөнелткен. Алайда, оның жағдайы туралы хабар да алмаған.

    Көршілерінің айтуынша, қарттар үйі қызметкерлері ондағыларға күтім жасамақ түгілі, қарауда да немқұрайлылық танытады.

    «Палатаға кіріп едім, оның жерде жатқанын көрдім. Артынан ондағы қызметкерлерді  іздеп кеттім. 2 қабатты аралап жүріп бір санитар маманды әрең таптым. Олар оның құлап кеткенін жөргегін ауыстырып жатқан едік деп түсіндірді. Сіздерді 15 минуттан бері іздеп жүрмін ғой десем, жауап та қатқан жоқ», — деп ашынды көршісі Виталий Петров.

    Қалалық қарттар үйінің мамандары науқастың қайтыс болғанынан да хабарсыз. Соған қарамастан, олар тағылған айыптың бәрін жоққа шығарып отыр. Айтуларынша, марқұм мекемеге келгенде жағдайы ауыр болған. Қолдарында оны растайтын құжаттары да бар. Керісінше, біз оны адам қатарына қостық деп отыр.

    «Күйік болған жоқ. Екі аяғы да қап-қара болды. Тізеден төмен қан айналымы болмады. Аяғы сұп-суық. Бір көргенде, күйік сияқты көрінеді. Бірақ ол влажное гиангагоме, біздің тілімізде солай айтылады. Ол кісі қимыл-қозғалыссыз жатқан адам. Ұрып-соғуға қандай себеп бар», — деп түсіндірді «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы медицина бөлімінің меңгерушісі Болатбек Мұсаханов.Елорда тұрғыны Қарттар үйіне 27 қыркүйекте түскен. 9 күн арнайы күтім алып, ауруды еңсеруге мұндағы мамандардың шамасы келмеген соң, қалалық ауруханаға жеткізілгендерін растады. 67 жасқа келген қарт 17 қазан күні көз жұмды.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында мобильді бригаданың саны 161-ге артты

    Фариза

    Арал ауданы Жақсықылыш кенті табиғи газға қосылды

    Фариза

    Қызылорда: Қала күнінде 20 тұрғын жаңа пәтерге ие болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.