-1.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Путин биліктен кетуге дайындалып жатыр

    РФ президенті Владимир Путиннің өкілеттігі 2024 жылы аяқталады. Қазіргі Ресейдегі заң бойынша бір адам қатарынан екі мерзімнен артық президент бола алмайды. Осының өзі келесі жолы Путиннің «кететінін» білдіреді. Бұл туралы ММУ студенттері алдында сөйлеген сөзінде белгілі ресейлік журналист Дмитрий Киселёв айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    «Путиннің өзі бұл мәселені таңертеңнен кешке дейін ойлағанын айтқан. Сондықтан бұл тосын жаңалық емес. Сонымен қатар, ол бұрын Президент болып, орнын босатқан болатын, өз мұрагерін дайындаған, Дмитрий Медведев келген билікке. Енді тура сол жағдай қайталануы мүмкін. Ол мұны өзі де бірнеше рет айтқан. Путиннің өз артына мұрагер қалдырмауы жауапсыздық болар еді. Бұл — халықаралық тәжірибеде бар қалыпты жайт. Мысалы, Обама Хиллариді өзінің мұрагері етпек болып, дайындады. Әрине, оның сайланбай қалуы бөлек жағдай. Олланд Макронды ізбасары етіп дайындады. Ол сайланды. Си Цзиньпин де мұрагер. Меркель де ізбасарын іздестіріп жатыр. Сондықтан бұған таң қалудың керегі жоқ.

    Ал мұрагер кім болады дегенге келетін болсақ, әрине таңдауға сұранып тұрған адам жетерлік. Бізде бәрі президент болғысы келеді. Халық кімге дауыс береді, мәселе сонда. Мәселен, Собчак өткенде небәрі 1,5 процент дауыс жинады», — деген тележүргізуші Ресейде «ел басқаруға ұмтылушы адамдар жеткілікті» екенін меңзеп қалды.

    Сонымен қатар ол: «Бұл президентке қойылатын сұрақ: ол өзінің мұрагері кім бола алады деп ойлайды, сол жауап маңызды», — дейді ол.

    қатысты посттар

    Президенттің кенже қызы жоғары лауазымды қызметке тағайындалды

    Бұл мәселені бірінші кезекке қоюдың еш қажеті жоқ — Павлодардың жаңа әкімі қала атауына байланысты

    Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін ұзартты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.