36 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Ағылшын тілін алып тастауды жоспарлап отырмыз — Білім және ғылым министрі

    Білім министрлігі балабақшадан ағылшын тілін алып тастауды, сондай-ақ тәрбиешілердің жалақысын көтеруді көздеп отыр

    Қазақстанның білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі білім бағдарламасынан ағылшын тілін алып тастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    «Мектепке дейінгі білім бағдарламасынан ағылшын тілін алып тастауды жоспарлап отырмыз», — деді Аймағамбетов мәжілісте «Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын-ала қорытындылары туралы» үкімет сағатында. Бұдан бөлек, білім министрлігі балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеруді көздеп отыр.

    «Тағы бір мәселенің бірі – бірыңғай электронды кезектің жоқтығы. Кейде мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшаға барған балалар кезектен шығарылмай қалады», — деді ол.

    Аймағамбетов лицензиялау мен аккредитацияның жоқтығы да бірқатар проблема тудырып отырғанын атап өтті.

    Айта кетсек, қазір Қазақстанда барлығы 10 673 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде балабақшалар саны – 6 470, шағын орталықтар – 4 203.

    қатысты посттар

    Білім және ғылым вице-министрі қанша жалақы алатынын айтты

    Фариза

    Карантин екі аптаға ұзартылып, 42 500 теңгеден беріледі

    Фариза

    Қазақ хандығының пайда болуының өзі қателік — Дархан Әбдік

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.