Понедельник, 27 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Күдебаевты мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырды

    Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қаласының Ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.С.Күдебаевқа және осы бөлімнің бас маманы Қ.Т.Серіковке қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Олар кәсіпкерлік субъектілерінен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) пара алды деген күдікке ілінген болатын.

    Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен аталған лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 1 638 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырды.

    қатысты посттар

    Ірі көлемде алаяқтық жасады: Алматы облысы әкімінің орынбасарына қатысты жаңа дерек шықты

    Фариза

    Бүгін сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

    Фариза

    “Олар «Бер, бер» дей береді…” — Министр көпбалалы аналар жайлы айтты

    Пікір қалдыру

    six + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.