11 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Дариға Назарбаева бұрынғы қызметіне қайта кірісті

    Депутат Дариға Назарбаева жасырын дауыс беру нәтижесінде қайтадан сенат спикері болып тағайындалды деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі nur.kz порталына сілтеме жасап.

    Оған сенаттың бірінші жалпы отырысына қатысқан 48 депутат дауыс берген.

    Сенат депутаты, сайлау комиссиясының төрағасы Әлімжан Құртаев атап өткендей, қалыс қалған немесе “қарсы” дауыс бергендер болған жоқ.

     

     

     

     

    “Құрметті Дариға нұрсұлтанқызы, сізді сенат төрағасы болып сайлануыңызбен құттықтаймыз. Өзіңізге артылған міндеттерді аброймен атқаратыныңызға сенімдіміз. Сенаторлар сіздің басшылығыңызбен әрқашан жемісті жұмыс істеуге дайын”, – деді вице-спикер Бектаз Бекназаров.

    Ол осындай сөздермен Дариға назарбаеваны төреалқаға шақырды. Назарбаева оған жақындағанда, Бекназаров раушан гүл шоғын сыйлады.

    Өз кезегінде Дариға Назарбаева әріптестеріне сенім мен қолдаулары үшін алғысын білдірді және Қазақстанның дамуы үшін бар күш-жігері мен білімін жұмсауға уәде берді.

    Айта кетейік, сенат спикері етіп Дариға Назарбаеваны қайта сайлау туралы ұсынысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасаған болатын.

    қатысты посттар

    Полиция адамдарды қалай ұстады? (фото)

    Фариза

    Трамптың Назарбаевқа жазған хаты жарық көрді (фото)

    Аблязов Айсұлтан Назарбаевтың атынан пост жазғанын мойындады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two + fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.