-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «ҚХР-ға қайта қайтарылған» Шекарадан заңсыз өткен 2 азаматқа қатысты сотқа дейінгі тексеру басталды

    ҚР ҰҚК Шекара қызметінде 2019 жылғы 10 қазанда Қытай азаматтары Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсақанға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 1-бөлігі 392-бабымен қарастырылған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз өту» бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Baq.kz порталына сілтеме жасап.

    «Олар 14 қазанда Алматы қаласындағы Шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасына шекарадан өту жағдайын анықтау үшін шақыртылған болатын. Процестік тәртіппен ұсталмады, қамау шаралары қолданылған жоқ. М. Әлімұлы мен Қ. Мұсақан «Шығыс» ӨБ ғимаратында өз еріктерімен қалды және оларға тамақ, жататын орын берілді. 1 қазанда ҚХР-дан ҚР-ға шекарадан заңсыз өткендері туралы екеуі де алдын ала хабарлады. Осыған байланысты, шекарадан өту жағдайын анықтау, сондай-ақ болжамды құқық бұзған жерде процестік және басқа да тексеру іс-әрекеттерін өткізу үшін 15 қазанда оларды Шығыс-Қазақстан облысы Зайсан қаласына жеткізу жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.

    Сонымен қатар, Қ. Мұсақан 2006 жылғы 21 маусымда мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында Қазақстан-Қытай шекарасын бұзғандығы белгілі болды. Ол кезде тексеру жұмыстарынан кейін ҚХР-ға қайтарылған.

    ҰҚК Шекара қызметі ҚХР азаматтары М. Әлімұлы мен Қ. Мұсақанға қатысты сотқа дейінгі тексеру, олардың құқықтарының толық сақталуымен, сондай-ақ халықаралық міндеттемелерге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

    қатысты посттар

    «Сексуалды» сөзінен қашып, проблеманы шеше алмаймыз – Біртанов

    Фариза

    «Назарбаевтың мұрасы ғой» Назарбаев пен Тоқаевтың арасында кикілжің мен жік тууы мүмкін бе?

    Қазақстанда 159 мың теңге жәрдемақыға үміткер бір ғана отбасы бар

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve + seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.