9 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    “Тағы да қауіптілік аймағына тап болды” Назарбаев: Егер үшінші дүниежүзілік соғыс болса…

    Еуропа және Азия парламенті спикерлерінің ІV кеңесінде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев үшінші дүниежүзілік соғыс бола қалған жағдайда бүкіл өркениет үшін соңғысы болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ  порталына сілтеме жасап.

    “Ғаламшар тағы да қауіптілік аймағына тап болды. Егер жаппай жою құралдарын пайдалану арқылы үшінші дүниежүзілік соғыс болса, ол біздің өркениет үшін соңғысы болуы мүмкін.

    Қиыншылықсыз өмір сүруге, ертеңгі күнге деген қорқынышсыз және сенімді өмірге, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағына деген үлкен сұраныс бұрыннан қалыптасқан.

    Мұндай жағдайда жер бетіндегі барлық тұрғындар ядролық қаруға қарсы ғаламдық күреске белсенді қосылып, ғаламшардағы өмірді қорғауы керек”, – деді Назарбаев.

    Ол АСЕМ және “Бір белдеу – бір жол” форумдарында Ресей, Қытай, АҚШ және ЕуроОдақ арасында диалог бастауды ұсынғанын, Жердегі бейбітшілік – осы державаларға байланысты екенін, “Ұлы әлемдік соғыстар да келіссөзбен аяқталғанын” атап өтті.

    “Осы елдердің басшылары адамзат болашағы үшін, тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін ерекше жауапкершілік танытатынына сенімдімін. Саяси төрттіктің лидерлері ғаламшардағы шиеленісті азайту жолдарын табуға ырық беруі керек. Бұл тек келіссөздер мен диалог арқылы ғана мүмкін”, – деп атап өтті Назарбаев.

    қатысты посттар

    “Қытайлар тарапынан арыз-шағым түскен жоқ” Қытайларды сабаған қазақтар неге қамауда отыр?

    Фариза

    “Сайлауға түскенде Қосановтан көбірек дауыс жинай алар едім…” – Жүрсін Ерман

    “Ауыл тұрғындарына сауаты төмен деп қарауды қою керек” Әли Бектаев Дана Нұржігітке ескерту жасады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.